Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабына 2-тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Қайыңды ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Қайыңды ауылдық округ әкімі шешім етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 09.02.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қайыңды ауылының атаулары жоқ:
1) N 1 көшесіне Батыс;
N 2 көшесіне Ойыл;
N 3 көшесіне Астана;
N 4 көшесіне Мектеп;
N 5 көшесіне Достық;
N 6 көшесіне Орман;
N 7 көшесіне Жастар;
N 8 көшесіне Бабатай;
N 9 көшесіне Жігер атаулары берілсін.
2) Бабатай ауылының N 1 көшесіне Жиенәлі Хазірет, N 2 көшесіне Қызыл Тұрдалыұлы, N 3 көшесіне Жансен Кереев деген атаулары берілсін. 3) Шибулақ ауылының N 1 көшесіне Бұлақты, N 2 көшесіне Саға, N 3 көшесіне Теріскей деген атаулары берілсін.
2. Осы шешім Әдлет органдарынада мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі | М Үмбетов |