1. Қайыңды селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 "Қайыңды селолық округі елді мекендерінің көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-74 тіркелген, 2008 жылғы 16 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыңды ауылдық округінің әкімі | А. Мустафин |