Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 17.07.2015 № 51 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің реквизиттері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 17.07.2015 № 51 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінің тұрғындарының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 28.11.2017 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ақжар ауылдық округіне қарасты Жазық бекетінің атауы жоқ көшелеріне:
1) N 1 атауы жоқ көшесіне – Теміржолшылар көшесі деген атау берілсін;
2) N 2 атауы жоқ көшесіне – Тәуелсіздік көшесі деген атау берілсін;
3) N 3 атауы жоқ көшесіне – Бірлік көшесі деген атау берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауылдық | |
округінің әкімі: | С.Сағымбаев |