1. Ақжар селолық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 24 "Ақжар селолық округіне қарайтын Жазық бекетіндегі көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-73 тіркелген, 2009 жылы 8 қаңтарда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінің көшелеріне атаулар беру туралы";
мемлекеттік тіліндегі шешімнің реквизиттері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" № 255 қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауылдық округінің әкімі | Б. Дуйсенбин |