Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 12.11.2018 № 19 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 20 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 20 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округінің әкімінің 12.11.2018 № 19 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Атауы жоқ көшелерге:
1) Қопа ауылының атауы жоқ көшелеріне – Ор көшесі, Байсеркеш Нұрлыбаев көшесі, Мухамбетқали Ділманов көшесі, Мырзагерей Елкеев көшесі, Достық көшесі, Мәншүк Мәметова көшесі;
2) Тамды ауылының атауы жоқ көшелеріне - Әйтеке би көшесі, Ардагерлер көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Ақтөбе көшесі, Қуандық Шаңғытбаев көшесі;
3) Амангелді ауылының атауы жоқ көшесіне – Амангелді Иманов деген атау берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округ | |
әкімінің м.а. | И.А.Беловод |