1. Қопа ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 6 "Қопа селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-68 тіркелген, 2008 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық "Хромтау" газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қопа ауылдық округінің мекендерінің көшелеріне атау беру туралы";
мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының Мекен-жай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже туралы" № 255 қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі | Н.Жалтаев |