Көше атауын беру жөнінде

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 204 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 06 ақпанда N 3-13-94 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімдігінің 2010.06.07 № 108 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" N 4200 Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Шалқар қала округіне қарасты М. Шыманұлы ауылындағы үйлерді "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жобасына енгізу үшін сол ауылдағы бұрынғы "Коровник" деп аталатын бөлігіне "Көкжиде" көшесі, ал бұрынғы "Қыр ауыл" деп аталатын бөлігіне "Сарқамыс" көшесі атауы берілсін.

      2. Шалқар қала округіне қарасты Жомарт ауылындағы көше болып қалыптасқан аумаққа "Сазтөбе" көшесі атауы берілсін.

      3. Шалқар қаласындағы Жилкооперация болып келген аумақты және сол жерден басталып Шеңбертал көшесіне дейінгі МПС үйлері орналасқан аумаққа Жилкооперация көшесі атауы берілсін.

      4. Аталған М. Шыманұлы, Жомарт ауылдарындағы және Шалқар қаласындағы жаңадан атау берілген көшелердегі үйлерді нөмірлеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінен (Д.Өтешов) сұралсын.

      5. Осы шешім орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Мұқановаға жүктелсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн тізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі      Е.Данағұлов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады