Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы N 33 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2008 жылы 31 наурызда N 2002 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы N 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2009.11.17 N 204 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін бекіту туралы" N 561 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Төмендегі қоса ұсынылғандар бекітілсін:
      1) Кең таралған пайдалы қазбаларды бірлесе барлауға және өндіру немесе барлауға,өндіруге кепілдік шартын тіркеу стандарты.
      2) Кең таралған пайдалы қазбаларды бірлесе барлауға және өндіру немесе барлауға, өндіруге кепілдік келісім-шартын тіркеу стандарты.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.Долженковқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің "Кең
таралған пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру
туралы кепілдік шартын тіркеу" стандарты
Алматы облысы әкімдігінің 21 ақпандағы
2008 жылғы N 33 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсетудің "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру туралы кепілдік шартын тіркеу" стандарты

1. Жалпы ережелері

      1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру туралы кепілдік шартын тіркеу - бұл Құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға, сонымен қатар кепілге қою үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі келісімді тіркеу.
      Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою үшін келісімді тіркеуге рұқсат береді. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлесе барлау мен өндіруге жасалған барлық кепілдік шарттар тіркелуге жатады. Кепілдік шартын тіркеу және оны растау болып табылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Қызмет мыналарға сәйкес көрсетіледі: Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру туралы кепілдік шартын тіркеу Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" N 2828 заңындағы 14 баптың 9.2 тармағы негізінде "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісім-шартына тиісті өзгертулер немесе толықтырулар тіркелген сәттен бастап жасалған болып есептеледі".
      4. Осынау мемлекеттік қызметті Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті ұсынады. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі,131, каб.410,411. Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ресми сайты: www.dpp.almaty-reg.kz.
      5. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу (нәтижесі) нысаны: құзыретті органның жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қоюға келісім хаты, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру кепілдік шартын тіркеу.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар санаты:
      Жасалған кепілдік-шарттарға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы жеке де заңды тұлғаларға да кепілге қою үшін беріледі.
      7. Тұтынушылар өздеріне мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет құжаттарды өткізген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Өтініш түскен күннен бастап қырық бес күн ішінде Құзыретті органның рұқсат беру немесе дәлелді түрде рұқсат бермеу хаты.
      8. Барлау, өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру туралы кепілдік шартын тіркеу тегін болып табылады.
      9. Осынау мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінің кабинетіндегі ақпараттар дерек қорында, Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ресми сайтында: www.dpp.almaty-reg.kz орналасқан.
      10. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жұмыс кестесі: Құжаттарды қабылдау 410 кабинетте, күнделікті сағ 9.00-ден -18.00-ге дейін,13.00-ден -14.00-ге дейін түскі үзіліс. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Алдын-ала жазылу және осынау мемлекеттік қызмет үшін жеке және заңды тұлғаларға арналған жылдам қызмет көрсету әдісі жүзеге асырылмайды.
      11. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінде осынау мемлекеттік қызметті көрсетуге келесі жағдайлар жасалған: үстел, екі орындық, 410 кабинетте жазғы кезде бірқалыпты температураны сақтау үшін қолданылатын кондиционер, өтініш жазу үлгілері мен қажеттті құжаттардың тізбесі көрсетілген стенд бар.

2. Мемлекетттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөліміне осынау мемлекеттік қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар тізбеге сәйкес келесі құжаттарды тапсырады:
      1) кепілге беру туралы жазбаша өтінішін;
      2) бизнес-жоспар немесе кепілдік алу үшін техникалық-экономикалық негіздемесін;
      13. Өтініш, ТЭН немесе кепілдік шартын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет алу үшін бизнес-жоспар Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінде немесе қабылдау бөлмесінде қабылданады.
      14. Құзыретті органның жазбаша келісімін алғаннан және барлау, өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру кепілдік шарты бөлімнің бас маманына тапсырылғаннан кейін, журналға тіркеліп, мөрмен расталады.
      15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін, барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі.
      16. Барлау,өндіру немесе бірлесе барлау мен өндіру кепілдік шартын өтінуші немесе оның өкілі сенім-хат бойынша жеке өз қолына, қол қоя отырып, алады.
      17. Жеке және заңды тұлғаларға осынау мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіздеме болатындар:
      1) қажетті құжаттарды тапсырмау.

3. Жұмыс принциптері

      18. Тұтынушыға көрсетілетін қызметке байланысты Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті басшылыққа алатын жұмыс принциптері:
      1) транспаренттілік;
      2) "бір терезе";
      3) өтінушілермен жұмыс істеген кездегі сыпайылылық;
      4) көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпараттың болуы;
      5) тұтынушының белгіленген мерзімде алынбаған құжатының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға осынау мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі сапа көрсеткішімен және осынау стандарттың қосымшасына сәйкес қолжетімділігімен өлшенеді ("Сапа және қолжетімділік көрсеткішінің маңызы" кестесі).
      20. Сапа көрсетілімінің нысаналы маңызы мен мемлекеттік қызметке қол жетімділігі, мемлекеттік органның жұмысы бағаланады, ал оларды жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне 27-25-49 телефоны арқылы немесе департамент директорының атына жазбаша түрде шағымдануға болады. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру мен шағымды дайындауға көмек көрсету жоғарыда келтірілген сенім телефоны арқылы жүзеге асырылады.
      22. Шағым облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директорына беріледі, каб.402, телефон 27-25-49, мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131.
      23. Шағымдану журналына шағымдарды тіркеу, онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен жауап беретін жерді, шағымды қарау барысынан хабар беретін лауазымды тұлғалардың байланыс телефондарын көрсету арқылы шағымның қабылданғаны расталады.

6. Байланыс ақпараты

      24.Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің байланыс деректері: 040000,Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі,131.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының қабылдау бөлмесінің телефоны 27-25-49.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директоры орынбасарының телефоны 27-32-01.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіндегі жер қойнауын пайдалану бөлімі мамандарының телефондары 27-13-31, 27-25-70.
      Жұмыс кестесі: күнделікті сағ 9:00-ден 18:00-ге дейін, 13:00-ден -14:00-ге дейін түскі үзіліс.
      Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      Жеке тұлғаларды қабылдау кестесі:
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры: жұма, сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары: бейсенбі, сағат 17:00-ден - 18:00-ге дейін.
      Жоғарыда тұрған ұйым Алматы облысы әкімдігінің байланыс деректері: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38.тел: 27-31-05, факс:27-07-43.
      25. Тұтынушылар үшін басқа пайдалы ақпарат Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан: www.almaty-reg.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
"Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлау, өндіру
немесе бірлесе барлау мен
өндіру туралы кепілдік
шартын тіркеу" стандартына
қосымша

Кесте
Сапа және қолжетімділік көрсеткішінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіші

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылғы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есеп беру жылындағы ағымдағы көрсеткіштің мәні

1. Уақыттылылық

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап, белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлесі)

100


90

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100


90

2.2. Дұрыс рәсімделген құжаттардың жағдайы % (жасалған төлемдер және есептеулер т.б.) % (үлесі)

100


100

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100


90

3.2. Тұтынушылардың құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайы % (үлесі)

100


90

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтер және ақпараттар туралы % (үлесі)

100


-

4. Шағымдану үрдісі

4.1. Осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына қарағандағы негізделген шағымдар % (үлесі)

100


5

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар % (үлесі)

100


5

4.3. Шағымданудың қолда бар тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100


95

4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100


95

5. Сыпайылылық

5.1. Персоналдың сыпайылылығымен қанағаттандырылған тұтынушылардың %(үлесі)

100


90

Мемлекеттік қызмет көрсетудің "Кең
таралған пайдалы қазбаларды барлау
және өндіру немесе бірлесе барлау,
өндіру туралы келісім-шарттарын тіркеу"
стандарты Алматы облысы әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы N 33 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсетудің "Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлау және өндіру немесе бірлесе барлау, өндіру туралы
келісім-шарттарын тіркеу"
Стандарты

1. Жалпы ережелері

      1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру немесе бірлесе барлау, өндіру жөнінде жасалған барлық келісім-шарттар тіркеуге жатады - бұл Келісім-шарт жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес құрылған, барлау мен (немесе) өндіруге қатысы жоқ, Құзыретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның арасында жасалған келісім-шартты тіркеу.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру немесе бірлесе барлау, өндіру келісім-шартын Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" N 2828 Заңындағы 44 баптың 3 тармағы негізінде "Келісім-шарт құзыретті органның тіркеуіне жатады. Келісім-шарт, онда Келісім-шарттың күшіне енуінің одан кешірек күшіне ену мерзімдері ескерілмеген жағдайда, тіркелген сәттен бастап күшіне енеді."
      4. Осынау мемлекеттік қызметті Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті ұсынады. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі,131, каб.410,411. Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ресми сайты: www.dpp.almaty-reg.kz.
      5. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу (нәтижесі) нысаны: келісім-шартты тіркеу актісі, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру немесе бірлесе барлау, өндіру келісім-шартын тіркеу.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалар санаты:
      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру немесе бірлесе барлау, өндіру жөніндегі келісім-шарттар Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларымен қатар заңды тұлғаларымен жасалуы мүмкін.
      7. Тұтынушылар, мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет құжаттарды өткізген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      Келісім-шарттың жобасы конкурстың жеңімпазы туралы конкурстық комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап, жер қойнауын пайдаланушылар жеті ай ішінде ұсынады. Құзыретті орган келісім-шарттың талаптарын жер қойнауын пайдаланушымен келіссөз жүргізу арқылы келіседі.
      Екі жақты келісілген келісім-шарттың жобасы, қол қойылғанға дейін бір ай мерзімде келесі міндетті сараптауларға жатады: құқықтық, экологиялық, экономикалық және салықтық, санитарлық және денсаулық сақтау мәселелері, жер қойнауын зерттеу және пайдалану, тау-кенді бақылау мәселелері бойынша.
      Қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың соңғы шарттарын келіседі.
      8. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлесе барлау және өндіру туралы келісім-шартын тіркеу ақысыз жүзеге асырылады.
      9. Осынау мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінің кабинетіндегі ақпараттар дерек қорында, сондай-ақ Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ресми сайтында: www.dpp.almaty-reg.kz орналасқан.
      10. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жұмыс кестесі: құжаттарды қабылдау 410 кабинетте, күнделікті сағ 9.00-ден -18.00-ге дейін, 13.00-ден -14.00-ге дейін түскі үзіліс. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Алдын-ала жазылу және осынау мемлекеттік қызмет үшін жеке және заңды тұлғаларға арналған жылдам қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.
      11. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінде осынау мемлекеттік қызметті көрсетуге келесі жағдайлар жасалған: үстел, екі орындық, 410 кабинетте жазғы кезде бірқалыпты температураны сақтау үшін қолданылатын кондиционер, өтініш жазу үлгілері мен қажетті құжаттардың тізбесі көрсетілген стенд бар.

2. Мемлекетттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөліміне осынау мемлекеттік қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар тізбеге сәйкес келесі құжаттарды тапсырады:
      1) облыс әкімінің өкімі немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі инвестициялық бағдарламалардың ашық (жабық) конкурстарын өткізу комиссиясы отырысының хаттамасы;
      2) келісім-шарт жобасы;
      3) жұмыс бағдарламасы, сондай-ақ қаржы-экономикалық және қызметтің шаруашылық көрсеткіштері;
      4) уәкілетті органдармен келісу;
      5) геологиялық немесе тау-кен орнын бөліп беру;
      6) тарихи шығындарды есептеу;
      7) геологиялық ақпаратты сатып алу туралы келісім.
      13. Келісім-шартты тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін, келісім-шарт жобасы және жолдама хат Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінде немесе қабылдау бөлмесінде қабылданады.
      14. Оң келісімдер алғаннан кейін және Құзыретті органмен келісім-шарттың соңғы шартын келіскеннен кейін, келісім-шарттың тіркеу актісіне қол қойылады, келісім-шарт және оның қосымшасы журналға тіркеледі де мөрмен расталады.
      Келісім-шарттың жобасы қабылданбаған жағдайда, жұмыс толық аяқтап бітіру үшін кері қайтарылады.
      15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін, барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі.
      16. Өтінушілердің барлау, өндіру немесе бірлесе барлау және өндіру келісім-шартын өздері алады немесе олардың өкілдерінің қолына сенім-хат арқылы тапсырылады.
      17. Жеке және заңды тұлғаларға осынау мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіздеме болатындар:
      1) қажетті құжаттарды тұлғалардың ұсынбауы.

3. Жұмыс принциптері

      18. Тұтынушыға көрсетілетін қызметке байланысты Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті басшылыққа алатын жұмыс принциптері төмендегідей:
      1) транспаренттілік;
      2) "бір терезе";
      3) өтінушілермен жұмыс істеген кездегі сыпайылық;
      4) көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпараттың болуы;
      5) тұтынушының белгіленген мерзімде алынбаған құжатының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға осынау мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі сапа көрсеткішімен және осынау стандарттың қосымшасына сәйкес қолжетімділігімен өлшенеді ("Сапа және қолжетімділік көрсеткішінің маңызы" кестесі).
      20.Сапа көрсетілімінің нысаналы маңызы мен мемлекеттік қызметке қол жетімділігі, мемлекеттік органның жұмысы бағаланады, ал оларды жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне 27-25-49 телефоны арқылы немесе департамент директорының атына жазбаша түрде шағымдануға болады. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру мен шағымды дайындауға көмек көрсету жоғарыда келтірілген сенім телефоны арқылы жүзеге асырылады.
      22. Шағым облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директорына жіберіледі, каб.402, телефон 27-25-49, мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131.
      23. Шағымдану журналына шағымдарды тіркеу, онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен жауап беретін жерді, шағымды қарау барысынан хабардар ететін лауазымды тұлғалардың байланыс телефондарын көрсету арқылы шағымның қабылданғаны расталады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің байланыс деректері: 040000,Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі,131.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының қабылдау бөлмесінің телефоны 27-25-49.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директоры орынбасарының телефоны 27-32-01.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіндегі жер қойнауын пайдалану бөлімі мамандарының телефондары 27-13-31, 27-25-70.
      Жұмыс кестесі: күнделікті сағ 9:00-ден 18:00-ге дейін, 13:00-ден -14:00-ге дейін түскі үзіліс.
      Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      Жеке тұлғаларды қабылдау кестесі:
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры: жұма сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін.
      Алматы облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары: бейсенбі сағат 17:00-ден - 18:00-ге дейін.
      Жоғарғы орган - Алматы облысы әкімдігінің байланыс деректері: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38.тел: 27-31-05, факс:27-07-43.
      25. Тұтынушыларға қажет басқа пайдалы ақпарат Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан: www.almaty-reg.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің "Кең
таралған пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру немесе бірлесе барлау, өндіру
туралы келісім-шартын тіркеу" стандартына
қосымша

Кесте.
Сапа және қолжетімділік көрсеткішінің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіші

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылғы көрсеткіштің мақсатты мәні

Есеп беру жылындағы ағымдағы көрсеткіштің мәні

1. Уақыттылылық

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап, белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайлары % (үлесі)

100


90

2. Сапа

2.1. қызмет көрсету үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100


90

2.2. дұрыс рәсімделген құжаттардың жағдайы % (жасалған төлемдер және есептеулер т.б.) % (үлесі)

100


100

3. Қол жетімділік

3.1. қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат және сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100


90

3.2. тұтынушылардың құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайы  % (үлесі)

100


90

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтер және ақпараттар туралы % (үлесі)

100


-

4. Шағымдану үрдісі

4.1. осы қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына қарағандағы негізделген шағымдар % (үлесі)

100


5

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдар % (үлесі)

100


95

4.3. шағымданудың қолда бар тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100


95

4.4. шағымдану мерзімімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100


95

5. Сыпайылылық

5.1. персоналдың сыпайылылығымен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100


95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады