Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.04.14 N 173 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" N 12 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелінген нөмірі 2-1-56, "Талдықорған" газетінің 2007 жылдың 23 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 14 сәуірдегі "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 47 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 23 мамырында тіркелінген нөмірі 2-1-81, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 6 маусымындағы 23 нөмірінде жарияланған) шешімімен, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақта "8-тармақша жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі" деген сөзбен толықтырылсын.
16-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "Жеке үйде тұратын өздері от жағатын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептегенде көмір 5000 (бес мың) килограмм болып есептелінсін".
21-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 10 сессияның
төрағасы Ә.Д. Алпысбаев
Қалалық мәслихаттың
хатшысы М.Д. Бопазов