Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылын Ертай ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 93 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 01 сәуірдегі N 5-12 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 24 сәуірде 1680 нөмірімен тіркелді.

      Ескерту. Тақырып орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылының атауы Ертай ауылы деп өзгертілсін.

      Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы нормативтік құқықтық кесім әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс Әкімі Б. ЖЕКСЕНБИН
      Облыстық мәслихат
      сесиясының төрағасы Т. ХАЛЫҚ
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Ә. ӘСІЛБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады