Талас ауданындағы нысыналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімиятының 2008 жылғы 12 наурыздағы N 88 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 сәуірінде N 58 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 26 қаңтардағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 26.02.2019 № 59 қаулысымен. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес, нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесi 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Аудандағы ұйымдар бойынша нысаналы топтағы азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарының саны 2 қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын (келісім бойынша).

      3. "2007 жылы Талас ауданындағы нысаналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету туралы" Талас ауданы әкімиятының 2007 жылғы 12 маусымдағы № 293 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 6-10-45 тіркелген және "Талас тынысы" газетінің 2007 жылғы 04 тамыздағы № 67 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан Әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.

      Аудан Әкімі О. Жиенқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жамбыл облысы Талас ауданы

      Ақкөл ауылы "Бекен"

      шаруа қожалығының төрағасы

      О. Исахметов

      12 наурыз 2008 жыл

      Қазақстан Республикасы

      Жамбыл облысы Талас ауданы

      Қаратау ауылы "Есейхан"

      шаруа қожалығының төрағасы

      К. Дауренбеков

      12 наурыз 2008 жыл

  Талас ауданы әкімиятының
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 88 қаулысына 1-қосымша

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес, нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесi

      1. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

      2. Елу жастан асқан адамдар.

      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

  Талас ауданы әкімиятының
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 88 қаулысына 2-қосымша

      Ескерту. 2-Қосымша жаңа редакцияда - Талас аудандық әкімиятының 2009.03.30 № 156 (қолданысқа енгізу тәртібін 2. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Аудандағы ұйымдар бойынша нысаналы топтағы азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарының саны

Рет саны

Мекеменің,
кәсіпорынның
атауы

Жұмыс
орында-
рының
саны

Нысаналы тобының санаты

1

Қазақстан
Республикасы
Жамбыл облысы
Талас ауданы
"Атамекен-Мра-
мор-Көктал"
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі

2

табысы аз адамдар; жиырма бір жасқа
дейінгі жастар; балалар үйлерінің
тәрбиеленушілері, жетім балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма
үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке
толмаған балаларды тәрбиелеп отырған
жалғызілікті, көп-балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен асырауында
тұрақты күтімді, көмекті немесе
қадағалауды қажет етеді деп танылған
адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас
алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер; Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар; бас бостандығынан айыру және
(немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан
босатылған адамдар; оралмандар; ұзақ
уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және
одан да көп); елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның жолдамасы бойынша
кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

2

Қазақстан
Республикасы
Жамбыл облысы
Талас ауданы
"Нұрбол" шаруа
қожалығы

4

табысы аз адамдар; жиырма бір жасқа
дейінгі жастар; балалар үйлерінің
тәрбиеленушілері, жетім балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма
үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке
толмаған балаларды тәрбиелеп отырған
жалғызілікті, көп-балалы ата-аналар;
белгіленген тәртіппен асырауында
тұрақты күтімді, көмекті немесе
қадағалауды қажет етеді деп танылған
адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас
алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер; Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар; бас бостандығынан айыру және
(немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан
босатылған адамдар; оралмандар; ұзақ
уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және
одан да көп); елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның жолдамасы бойынша
кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

3

Жамбыл облысы
Талас ауданы
әкімиятының
мәдениет және
тілдерді
дамыту
бөлімінің
"Авангард"
кинотеатры"
көпсалалы
мемлекеттік
коммуналдық
қазыналық
кәсіпорны

1

табысы аз адамдар; жиырма бір жасқа
дейінгі жастар; балалар үйлерінің
тәрбиеленушілері, жетім балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма
үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке
толмаған балаларды тәрбиелеп отырған
жалғызілікті, көп-балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен асырауында
тұрақты күтімді, көмекті немесе
қадағалауды қажет етеді деп танылған
адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас
алдындағы адамдар (жасына байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер; Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар; бас бостандығынан айыру және
(немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан
босатылған адамдар; оралмандар; ұзақ
уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және
одан да көп); елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның жолдамасы бойынша
кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады