ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессияcының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған VII сессиясының 2008 жылғы 31 наурыздағы N 74 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде 8-1-71 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 2-9/224 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабына және "2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 желтоқсандағы N 1243 қаулысының 1 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-25, 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 13 (129) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы XLV сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 2 шешімімен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-49, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 16 (207) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы II сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 20 шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-62, 2007 жылғы 12 қарашадағы N 127 (315) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 1 тармақшасындағы "10815" саны "12821" санына ауыстырылсын.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
       3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихаттың кезекті
      VІІ сессиясы төрағасының
      міндетін атқарушы,
      Қарағанды қалалық
      мәслихат хатшысы                           Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады