Жезқазған қалалық Маслихаттың 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 шілдедегі N 9/96 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 06 тамызда N 8-2-65 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/296 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.07.16 N 24/296 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын-үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 30/343 шешіміне (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2006 жылғы 26 шілдеде N 8-2-31 болып тіркелген, 2006 жылғы 4 тамыздағы N 56-57 "Сарыарқа" газетінде жарияланған), Жезқазған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы "Жезқазған қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 2/20 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2007 жылғы 22 қарашада N 8-2-51 болып тіркелген, 2007 жылдың 28 қарашасында "Сарыарқа" газетінің N 67 (7353) нөмірінде ресми жарияланған), Жезқазған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 ақпандағы "Жезқазған қалалық Маслихатының 2006 жылғы 21 маусымдағы N 30/343 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиумдағы жалпы мүлік объектісін күрделі жөндеуден өткізуді қосып, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 5/58 шешімімен өзгерістер енгізілді (Жезқазған қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 8-2-61 болып тіркелген, 2008 жылдың 4 сәуірінде "Сарыарқа" газетінің N 27 (7388) нөмірінде ресми жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 6 тармағындағы "3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу" сөздері "7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 31 тармағының 11 тармақшасы "Азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілетін ақшалай немесе заттай түрдегі көмек" сөйлеммен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамуы және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Алиакпаров

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                С. Медебаев

      Келісілді:

      Қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Б.М. Мырзаханов
      23 шілде 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады