"Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы XXXV сессиясының N 395 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 ақпанда N 8-6-58 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 сәуірдегі N 94/5-5 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2011.04.12 N 94/5-5 хатымен).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы XXXV сессиясының N 395 шешіміне (2006 жылғы 27 желтоқсанда Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 8-6-36 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы 151 (1407) нөмірінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен белгіленген тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерінде реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 13-жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Ә. Сәденова

      Қалалық мәслихат хатшысы                   М. Ковтун

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады