Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2009.01.29 N 192 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу объектісі бірлігінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Цой
Қалалық мәслихат хатшысы М. Ковтун
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2006 жылғы 22 желтоқсандағы
ХXХV сессиясының N 395
шешіміне қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008.01.23 N 58 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері
Р/с N |
Салық салу объектісінің атауы |
Салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
7. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
22 |
8. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
25 |
9. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
22 |
10. |
Ойын жолы |
230 |
11. |
Карт |
44 |
12. |
Бильярд үстелі |
120 |