Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012.04.10 N 34 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 53–бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азық-түлік тауарларының және электр энергиясы тасымалдануының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бекітілсін (қосымша)
2. Азық-түлік тауарларының және электр энергиясы тасымалдануының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына ай сайынғы әлеуметтік көмек осы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне сәйкес жүргізілсін.
3. Қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Күлмағанбетова) және аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы А. Күлмағанбетова
Аудандық мәслихат хатшысы М. Оңғарқұлов
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы А. Түсіпбеков
31.03.2008 ж.
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2008 жылғы 31 наурыздағы
кезекті 5 сессиясының 62 шешіміне
қосымша
Азық-түлік тауарларының және электр энергиясы тасымалдануының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Осы тәртіп азық-түлік тауарларының және электр энергиясы тасымалдануының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету тәртібін анықтайды.
1. Азық-түлік тауарларының және электр энергия тасымалдануының қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларының әлеуметтік көмек алу құқығы
1.1. Ұлы Отан Соғыс ардагерлері, мүгедектері және оларға теңестірілгендер, қайтыс болған Ұлы Отан Соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жесірлері, тыл еңбеккерлері, саяси репрессияның құрбандары, Қазақстан Республикасына Ерекше еңбегі сіңген зейнеткерлерге.
1.2. 1-2 топтағы мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
1.3. асырушысынан айырылғандығына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
1.4. № 1, № 2 тізім бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
1.5. жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
1.6. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
1.7. 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға;
1.8. жұмыссыздығы жөнінде есепте тұрғандарға;
1.9. 4 және оданда көп баласы бар отбасыларға;
1.10. зейнетақы, жәрдемақы алмайтын "Батыр ана", "Алтын алқа", "Күміс алқа" "Ана даңқы" орденінің I-II дәрежесінің иегерлері;
1.11. жергілікті денсаулық органдарында тіркеуде тұрған туберкулезбен ауратындарға;
1.12. білім беру органдарының мәліметі бойынша біреудің қамқорлығындағы балаларға;
1.13 Ауған соғысына қатысушылар отбасына;
1.14. Чернобыль АЭС-ің апатын қалпына келтіруге қатысқандарға.
Әлеуметтік көмек Ақтоғай ауданының аумағында тұрақты тұратын, жоғарыдағы санаттардағы азаматтардың ішінде аз қамтамасыз етілген отбасыларына төленеді.
2. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Әлеуметтік көмек әр адамға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіштің 50 %-нан төмен емес мөлшерде төленеді.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау
3.1. Әлеуметтік көмек жекелеген санаттағы адамдардың отбасылық табыстары жан басына шаққанда облыс бойынша белгіленген азық-түлік себеті мөлшерінен аспайтын отбасыларына тағайындалады.
3.2. Отбасының жиындық табысына еңбекақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі.
3.3 Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
1) Жеке басын куәландыратын құжат;
2) көмек алу құқығын растайтын құжаттар;
3) әлеуметтік жеке код;
4) тұрақты тұратын жерін растайтын тұрғындарды есепке алу кітабы;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің арнайы куәліктері;
6) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендердің арнайы куәлігі.;
7) отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы анықтама.
3.4 Әлеуметтік көмек бір жылдың ішінде 12 мәртеден артық төленбейді.
3.5. Әлеуметтік көмек ай сайын екінші деңгейлі банк немесе почта байланыс бөлімшесі арқылы жәрдемақы алуға құқығы бар адамның есеп шотына аударып беру арқылы ақшалай төленеді.
4. Қаржы көзі
4.1. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттің (жергілікті өкілетті органдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек) 451007000332 бағдарламасына қаралаған қаржы есебінен төленеді.
5. Әлеуметтік көмек тағайындау және есебін жүргізу
5.1. Әлеуметтік көмек алуға жататын санаттағы адамдар тізімін "Аз қамтамасыз етілгендерге, ардагерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету және кадрлық жұмыстар" секторының меңгерушісі ұсынады.
5.2. Тиісті қаржыларды әлеуметтік көмек алушылардың жеке-есеп шотына ай сайын екінші деңгейлі банкке немесе почта байланыс бөлімшелеріне аударуға және есебін жүргізуге, бухгалтерлік есеп, әлеуметтік төлемдерді төлеу және құжаттармен қамтамасыз ету секторының меңгерушісі жауапты болады.