Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 3 ақпандағы N 04/01 "Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 06/02 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 наурызда N 8-11-51 тіркелді

      Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 3 ақпандағы N 04/01 "Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркелу нөмірі N 8-11-34, 2007 жылғы 6 наурыз, аудандық N 11 "Сарыарқа" газетінде 2007 жылғы 17 наурызда жарияланған) төмендегі толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының 1 тармағының 1) тармақшасында "туберкулезбен" деген сөзден кейін "амбулаторлық емдеу кезінде тұрғылықты жерден емдеу мекемесіне жол жүруге, амбулаторлық жағдайда қосымша терапияға" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады