Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 3 ақпандағы N 04/01 қаулысы. Бұқар Жырау ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 6 наурызда N 8-11-34 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 17 желтоқсандағы N 08/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 17.12.2008 № 08/05 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
      1) Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж ең аз қамтылған мына азаматтарына материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмысты үйымдастырсын:
      туберкулезбен амбулаторлық емдеу кезінде тұрғылықты жерден емдеу мекемесіне жол жүруге, амбулаторлық жағдайда қосымша терапияғаауырғанда және отбасы мүшесі қайтыс болғанда, сонымен қатар, жан басына шаққандағы орта айлық табысы кедейшілік деңгейінен жоғары азаматтарға қайғы көруінде, төтенше жағдайда, қайғылы оқиғада, өртте, ауыр науқасқа ұшырағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге мерейтой және мереке күндерінде;
      2) материалдық көмек алу туралы өтінішті қабылдау және тіркеу төмендегі құжаттарды ұсынғанда жүзеге асырылсын:
      өтініш,
      жеке бас куәлігі
      материалдық жағдайды тексеру актісі
      өтінім
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі
      азаматтың материалдық көмекті қажетсінетінін куәландыратын өзге де құжаттар;
      3) зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтін мемлекеттік Орталықтың аудандық бөлімінен түсірілген тізімге байланысты, өтінішті қажет етпей-ақ мерейтой және мереке күндерінде материалдық көмек көрсетілсін;
      4) ауданның жәрдемге мұқтаж ең аз қамтылған әр азаматына жылына бір рет қана көмек көрсетілсін;
      5) бір жолғы материалдық көмек жылына бір рет жеке сол адамның өзіне төтенше жағдайда, мерейтой және мереке күндері әлеуметтік төлем алатын зейнеткерлерге берілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2008.02.19 N 06/02 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      2. Әрбір жағдайда көрсетілетін материалдық көмек көлемі аудандық Мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген кеңестік комиссияның дербес құрамымен анықталады.
      3. Аудандық қаржы бөлімі "Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер" бағдарламасына сәйкес, аудандық бюджет шегінде қаржыландыру жүргізсін.
      4. Бүқар жырау ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 23/3 "Бұқар жырау ауданының жәрдемге мұқтаж және аз қамтылған азаматтарына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 8-11-10, аудандық N 44 "Сарыарқа" газетінде 2005 жылдың 5 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Аудан әкімі
Е. Нашаров

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады