Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 17 сессиясының 2009 жылғы 21 шілдедегі N 7 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 тамызда N 8-11-81 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28.02.2014 № 4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкестендіру мақсатында аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Сессия төрағасы                            Ә. Тілеубаев

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков

Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2009 жылғы 21 шілдедегі
N 7 шешіміне
қосымша

Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің тізбесі

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының келесі шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2010.12.23 N 7 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2012.06.21 N 7 (қол қойылған күннен бастап  қолданысқа енеді) шешімімен.
      3. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының N 8 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-56 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының N 8 "Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 8 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-67 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 3 санында жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер:
      шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының N 6 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-65 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы N 2, 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 3, 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 4, 2009 жылғы 7 ақпандағы N 5 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 1 ақпандағы 12 сессиясының N 5 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-72 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 7 наурыздағы N 9, 2009 жылғы 14 наурыздағы N 10, 2009 жылғы 28 наурыздағы N 12 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі 12 сессиясының N 4 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы 10 сессиясының "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" N 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-75 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 9 мамырдағы N 18, 2009 жылғы 16 мамырдағы N 19, 2009 жылғы 23 мамырдағы N 20, 2009 жылғы 30 мамырдағы N 21, 2009 жылғы 6 маусымдағы N 22 санында жарияланған), енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер:
      шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады