Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 5 сессиясының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 9 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 01 шілдеде N 8-11-57 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.09.28 N 7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының N 4 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-23 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы N 31, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 32 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 23 шілдедегі 41 сессиясының N 5 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-44 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 34 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы 4 сессиясының N 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-53 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 17 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген шешімнің және қоса берілген Ереженің тақырыптарында, мәтінінде "қалалық телекоммуникация желілерінің" деген сөздері "селолық телекоммуникация желілерінің" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      2) аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасында:
      2 тармақтағы:
      бірінші сөйлемде "тұрғын үйді күтіп ұстау" және екінші сөйлемде "тұрғын үйді күтіп ұстауға" деген сөздерден кейін "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мен көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізудің кестесі, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі және олардың шегіндегі үлесі" деген сөздер алып тасталсын;
      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Өтірік мәліметтер берілетін болып, аса көтерілген өтемақы тағайындалса, жалдаушы (меншік иесі) алты айдың ішінде жәрдемақы алу құқығынан айрылады, ал заңсыз алынған тұрғын үйді ұстау жәрдемақы сомасы заңды түрде қайтарылады.";
      12 тармақта "қатыстыруымен" деген сөзі "жазбаша хабарламасымен" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      17 тармақ "басқа қалаларда" деген сөздерден кейін "және тұрғылықты жерлерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      18 тармақта 5), 6) тармақшалар алып тасталсын;
      20 тармақ "Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган" деген сөздері "Уәкілетті орган" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      30 тармақта
      "Орташа жан басына шаққандағы" деген сөздері "Орта айлық" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      "отбасы мүшелерінің санына және" деген сөздері алып тасталсын;
      31 тармақта:
      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Мезгілді жұмыста қызмет істейтін жұмыскерлердің жалақысы, оны алғаннан бастап отбасының жиынтық табысына саналады. Жалақы болмаған кезеңде, жиынтық табыс жалақы есепке алынбастан саналады.
      Жиынтық табыста келісім шартсыз жеке азаматтардың нақты жалақылары саналады. Бұл бойынша жалақының шынайы бөлігі базар құнымен қаржылай эквивалентте жиынтық табысқа қосылады. Жалақыны өтініш беруші өзі көрсетеді;";
      3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Алимент төлеуші жұмыс істемеген жағдайда және уәкілетті органдарда жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрса, бас бостандығынан айрылғандар жерінде болса, немесе уақытша изолятор қамқорлығында болса, емделуде немесе туберкулездер тізімінде, психоневрологиялық диспансерде, еңбектік-емделу профилакториясында болса, іздеуде немесе Қазақстан Республикасының келісуінсіз мемлекеттегі тұрақты тұрғылықты жерінен шығып кеткен жағдайда жазбаша өтінішпен бірге сәйкес органдардың қосымша растайтын құжаттары негізінде алиментті санамай жиынтық табыс есептен шығарылады;";
      4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Табысты есептеу үшін Қарағанды облысының статистика басқармасының мәліметі негізінде, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдаламалар Департаментінің берген Қарағанды облысындағы өткен жылғы өсімдік және мал шаруашылығы өнімінің орта жылдық бағасы қолданылады;".
      2. Осы шешім ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            К. Акимов

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады