Қарқаралы ауданы бойынша 2009 жылға салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері, аудан базарларында бір жолғы талонның бағаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 10/106 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 8-13-56 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихат аппаратының 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 30 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихат аппаратының 2011.04.06 N 30 хатымен.

      2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы ауданы бойынша 2009 жылға салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері, аудан базарларында бір жолғы талонның бағалары 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Ахметчин

      Аудандық Мәслихат
      хатшысы                                    О. Жүкібаев

      Келісілді:
      Қарқаралы ауданы бойынша
      салық басқармасының бастығы
      __________________Қ. Өтебаев
      23 желтоқсан 2008 жыл

Қарқаралы аудандық Мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 10/106 шешіміне
1 қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

N

Салық салу объектісінің атауы

2009 жылға салынатын тіркелген жиынтық салық базалық ставкасының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы

10

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы

15

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

4

4.

Ойын жолы

75

5.

Карт

10

6.

Бильярд үстелі

23

Қарқаралы аудандық Мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 10/106 шешіміне
2 қосымша

Аудан базарларында бір жолғы талонның бағалары

Бір жолғы талон негізіндегі әрекеттің түрлері

Бір жолғы талонның 1 күнгі бағасы

теңгемен 2009 жылға

1. Сауда (стационарлық үй – жайда іске асырылатын кәсіпті қоспағанда).

1) Газет пен журналдар

76

2) Тұқым және егу материалдары

1120

3) Бақша дақылдары

45

4) Саяжай мен үй жанында өсірілген тірі гүлдер

1120

5) Үй жанында және саяжай учаскелерінде алынған ауыл шаруашылығы өнімдері

140

2. Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері.

1) Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері

331

3. Қарқаралы ауданы базарларындағы бір жолғы талондар бағасы.


1 шаршы метр мөлшері теңгемен

1) Азық-түлік

20

2) Өндіріс тауарлары

32

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады