Нұра ауданы аумағында мал бағу мен ұстаудын Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 156 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 8-14-90 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының XXXVI сессиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы N 350 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының XXXVI сессиясының 2011.06.22 N 350 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 310 бабына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Нұра ауданы аумағында мал бағу мен ұстаудын Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Сессия төрағасы                            Д. Баянов

      Аудандық Мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

2008 жылғы 24 желтоқсандағы
Нұра аудандық мәслихаттың
N 156 шешімімен бекітілген
қосымша

Нұра ауданы аумағында мал бағу мен ұстаудың
Қағидасы

1. Жалпы бөлім.

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына 2 тармағына 1 тармақшасына сәйкес әзірленді және Нұра ауданының аумағында мал бағу мен ұстаудың тәртібін белгілейді.
      2. Қағида ауыл әкімдерінің, мал иелерінің және бақташылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

2. Мал бағу ұйымдастырудың тәртібі.

      3. Жеке секторының мал жануарларын бағуды әр елді мекеннің әкімі ұйымдастырады.
      4. Ауыл тұрғындарының жалпы жиналысында мал бағу жөніндегі комиссия сайланады және мал бағудың ақысы белгіленеді.
      5. Әр елді мекеннің әкімі мал бағу жөніндегі комиссиямен бірігіп жеке меншіктің ауыл шаруашылық жануарлардың бағу үшін жайылымды анықтайды, ірі қара мал мен жылқының әр басына 4-5 га жайылым, қой мен ешкіге 2 га жайылым.
      6. Қажеттілік болғанда ауыл әкімі аудандық жер комиссияға жайылым кезінде отгондық мал жайылымын ұйымдастыру үшін мемлекеттік жер қорынан жер учаскесін уақытша бөлу туралы өтініш білдіреді (мамыр-қазан).
      7. Жеке меншіктің мал бағу бақташы мен мал иесі, немесе бақташы мен ауыл тұрғындарының жалпы жиналысында сайланған комиссиямен келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
      8. Бақташы мен мал иесі, немесе бақташы мен мал бағу жөніндегі комиссия арасында жасалған шартта мыналар анықталуы тиіс:
      1) жайылым мезгілі;
      2) жинау уақыты;
      3) мал иесінен қабылдау және оны иесіне тарату тәртібі;
      4) мал жоғалғанда наразылықтарды қабылдау тәртібі;
      5) мал жоғалғанда және апат оқиғаларда (дауыл, су басу) бақташының жауапкершілігі;
      6) бірдейлендіру, мал дәрігерлік егу және вакцина егу кезінде мал иелерінің жауапкершілігі;
      7) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің егіс танаптарына зиян келтіргендегі жауапкершілігі;
      8) иттен жарақаттанғанда мал иелері алдындағы жауапкершілігі.

      3. Тарау алынып тасталды - Нұра аудандық мәслихатының 2009.11.25 N 226 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз).

4. Мал иелеріне қойылатын талап.

      12. Мал иелеріне меншік түрлеріне қарамастан қажет:
      1) мал ұстау ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтау;
      2) мал басын бірдейлендіруді қамтамасыз ету, ветеринарлық шараларды өткізуге қажетті жағдай жасау;
      3) мал ауырған және қауіп болған жағдайда ветеринарлық инспекторға хабарлау және маманның келуіне дейін ауру малды бөлек ұстауын қамтамасыз ету;
      4) сатып алынған ауыл шаруашылық жануарды сатып алғаннан бастап байқаудан өткізуді, тіркеуін қамтамасыз ету және ветеринарлық-санитарлық шараларды жоспарлау мақсатында сатып алынған малдың саны және түрі туралы ақпаратты беру;
      5) қоғамдық ұйірге қоспаған малдың иелері Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жауап береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Нұра аудандық мәслихатының 2009.11.25 N 226 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақты қараңыз).

5 Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілігі.

      13. Осы Қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      14.Осы Қағиданы сақталуын бақылау тиісті мемлекеттік бақылау органдары арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады