Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының XXXVI сессиясының 2011.06.22 N 350 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 310 бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 12 сессиясының "Нұра ауданы аумағында мал бағу мен ұстаудын Қағидасын бекіту туралы" N 156 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне N 8-14-90 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2009 жылғы 28 ақпандағы N 9 (5092) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің бекітілген Қағидаларында:
1. 3 тарау алынып тасталсын;
2. 12 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Мал иелеріне меншік түрлеріне қарамастан қажет:
1) мал ұстау ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтау;
2) мал басын бірдейлендіруді қамтамасыз ету, ветеринарлық шараларды өткізуге қажетті жағдай жасау;
3) мал ауырған және қауіп болған жағдайда ветеринарлық инспекторға хабарлау және маманның келуіне дейін ауру малды бөлек ұстауын қамтамасыз ету;
4) сатып алынған ауыл шаруашылық жануарды сатып алғаннан бастап байқаудан өткізуді, тіркеуін қамтамасыз ету және ветеринарлық-санитарлық шараларды жоспарлау мақсатында сатып алынған малдың саны және түрі туралы ақпаратты беру;
5) қоғамдық ұйірге қоспаған малдың иелері Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша жауап береді.".
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Туранов