Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 08 сәуірдегі N 36/6 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 сәуірде N 8-4-107 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 қыркүйектегі N 201/29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010.09.13 N 201/29 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй – коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысының негізінде қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 03 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-70, "Приозерский Вестник" газетінің 2007 жылғы 4 мамырдағы  N 11 (86) санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 12 шілдедегі N 273/42 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-87, "Приозерский Вестник" газетінің 2007 жылғы 31 тамыздағы N 22 (97) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тармақтағы "20 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөздер "11 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            О. Айтбенбетов

      Мәслихаттың хатшысы                        Е. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімінің орынбасары
      Қазиева Б.А.
      04 сәуір 2008 жыл

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      Нұрмағанбетова Б.М.
      04 сәуір 2008 жыл

      Қаржы бөлімінің басшысы
      Қошқаралиев Қ.Қ.
      04 сәуір 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады