Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 20.06.2013 N 18/2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабының 2-тармағын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қызылорда қаласының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген салықтың ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
/Қосымша қоса беріліп отыр/.
2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 32/3
"Қызылорда қаласының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкасының
мөлшерін бекіту жайлы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 8 қаңтарда N 10-1-45 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы N 13 (17049) шығарылымында жарияланған) шешімі мен 2008 жылғы 8 ақпандағы N 4/2
"Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 25 желтоқсандағы кезекті ХХХІІ сессиясының N 32/3 "Қызылорда қаласының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салығының объектілеріне салынатын ставкасының мөлшерін бекіту жайлы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 29 ақпанында N 10-1-82 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2008 жылғы 7 наурыздағы N 11 (531), "Кызылорда таймс" газетінің 2008 жылғы 27 наурыздағы N 12 (902) шығарылымдарында жарияланған) шешіміне
өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезекті
он үшінші сессиясының төрағасы Ж. Нұрымбетов
Қалалық мәслихат хатшысы И. Құттықожаев
Қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 13/11 шешіміне қосымша
Қызылорда қаласының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір
түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының
МӨЛШЕРІ
Рет саны | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, |
3 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
5 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
13 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
17 |