Қызылорда қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы № 18/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 01 шілдеде № 4469 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі N 42/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 16.04.2015 N 42/6 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қосымшаға сәйкес қызметін Қызылорда қаласы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
      "Қызылорда қаласының аумағындағы кәсіпкерліктің кейбір түрлерімен айналысатын салық төлемгерлері үшін салық салу объектісінен алынатын тіркелген салықтың ставкасының мөлшерін бекіту жайлы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 13/11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 31 желтоқсанында N 10-1-103 тіркелген, 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 4-5 (598-599) "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2009 жылғы 22 қаңтардағы N 3 "Кызылорда таймс" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы,
      кезекті XVIII сессияның төрағасы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Салық комитетінің
      Қызылорда облысы бойынша
      Салық департаментінің Қызылорда
      қаласы бойынша Салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С. Мұстафаев________________
      "20" маусым 2013 жыл.

      Ескерту. Келісімі жаңа редакцияда - Қызылорда қалалық мәслихатының 26.09.2014 N 34/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қалалық мәслихаттың
2013 жылғы 20 маусымдағы
N 18/2 шешіміне қосымша

Қызылорда қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары

N

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

13

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады