"Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы N 4/61 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 наурызда N 2005 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі N 13/163 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешіміне (Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешімі, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1977 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінің 2007 жылғы 6 қазандағы N 170 санында жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері мен салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 15 тамыздағы N 26/432 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 3/36 шешімі жойылсын.

      3.Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                        К. Үйсінбаев

      Облыстық мәслихат хатшысы              Б. Шелпеков

                                     Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы
                                       12 ақпандағы N 4/61 шешіміне
                                                  1-қосымша

    Ақтау қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларына
      түзету коэффициенттері және Ақтау қаласы жерлерінің
                        аймақтарын сипаттау

АймақтарN

Аймаққа кіретін шағынаудандар және басқа да әкімшілік құрылымдар

Салықтық аймақ бойынша орта коэф.

I

Теңіз жағалауы, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері

1,50

II

N N 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27 шағынаудандар

1,25

III

N 3, 3а, 3б, 22, 23, 24, 25, 28, 28 а, 29 шағынаудандар және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жобалаған учаскелер

1,00

IV

Өнеркәсіптік аймақ

1,00

V

Өмірзақ селосы, Өмірзақ селосына қарайтын "Энергетик" ББС, Ақтау қаласына қарайтын "Приморский" ББС  біріктіреді

1,00

Аймақтардың сипаттамасы

      Аймақ I
      Бірінші аймаққа өнеркәсіп орындары пайдаланып отырған, коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелерін қоспағанда, түгел теңіз жағалауы белдеулері кіреді. Бұл аймақта мейрамхана, кафе, қонақ үйлер, жағажайлар, демалыс және мәдениет паркі, спорт кешендері және басқа да қоғамдық мақсаттарға орындар орналасқан.
      Тұрғын үй қоры оқшауланған жер алабын қамтып отырған, коттедждік құрылыспен беріліп отыр.

      Аймақ II
      Екінші аймақ транспорттық қолайлы (10-15 мин) қала орталығына жақын аймақта орналасқан. Бұл 2, 4-15, 26, 27 шағынаудандар.
      Осы аймақта негізгі әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени - тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, мешіт, мейрамханалар, кафелер, барлар, ойын бизнесінің нысандары, супермаркеттер, дүкендер, банкілер, басқа да жоғары табысты нысандар орналасқан.
      4-5, 7-11 қабатты жай құрылысты тұрғын ғимараттар, сондай-ақ, аса  жайлы тұрғын кешендер. Бос жер учаскелерінің тапшылығының себебінен, жаңа құрылыс нысандарын салу шектеулі.

      Аймақ III
      Үшінші аймақта 3, 3а, 3б, 22-25, 28, 29, 30 шағынаудандар, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылыстарына жобаланған жер учаскелері орналасқан.
      Тұрғын қор 3-5-9 қабатты жоспарланған құрылыс жобасымен берілген.
      Осы аймақта да әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, кафелер, барлар, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.

      Аймақ IV
      Төртінші аймақта барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктірілген.

      Аймақ V
      Бесінші аймақ Өмірзақ селосы, Өмірзақ селосына қарайтын "Энергетик" ББС, Ақтау қаласына қарайтын "Приморский" ББС біріктіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады