Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012.07.11 № 01-30-1018 хатымен.
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік кұқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 3 маусымдағы N 404 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тізілімінде N 2016 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 маусымдағы N 92 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қоса берілген "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулықтың 2 тарауындағы 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бір қарыздың ең жоғарғы сомасы 50 млн. теңгеден аспауы тиіс."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ. Көшербаев