Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы N 26/239 "Қала инфрақұрылымының объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау, Ақтау қаласы және қала жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау ережелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 шілдедегі N 10/104 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 шілдеде N 11-1-89 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі 2012 жылғы № 2/25 шешімімен.

Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 12.04.2012 № 2/25 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 маусымдағы N 526 "Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының әкімшілік шекарасын белгілеу және Ақтау қаласының, Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" Қаулысына, Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/289 шешіміне және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 24 шілдедегі N 239 "Өмірзақ кентін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы N 26/239 "Қала инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау, Ақтау қаласы және қала жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау ережелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде N 1246 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 18 қаңтардағы N 10 (6177) "Маңғыстау" газетінде жарияланған); 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 28/251 "Қала инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау, Ақтау қаласы және қала жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау ережелері туралы қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы N 26/239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде N 11-1-43 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 14 қарашадағы N 184 (9689) "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешімдеріне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      Бірінші абзацындағы "Өмірзақ, Маңғыстау поселкелеріндегі, Баянды селосындағы" деген сөздер "Өмірзақ селосындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                          Т.Көбегенов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы              Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады