Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 21.08.2009 № 177 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 491-бабының 2)-тармағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарнама объектілері бойынша көрнекі жарнаманы орналастыруға ставкалары мынадай мөлшерде белгіленсін:
жергілікті маңызды ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде және елдi мекендерде орналастыратын жылжымайтын нысанылар және жылжымалы нысаныларына жарнама – 100 % айлық есептік көрсеткіштегі айына бір шаршы метрге жарнама көлемі.
2. "Жарнама объектілерінде сыртқы көрнекi жарнаманы орналастыруға ставкаларды белгілеу туралы" Қарасу аудандык мәслихатының 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 241 шешімінің күші жойылды деп танылсың (2007 жылғы 8 ақпандағы 9-13-27 мемлекеттік тіркеу нөмірі, аудандық газеті "Қарасу өңірі" 2007 жылғы 16 ақпандағы № 7).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы бойынша салық комітетінің төрағасы Шоқметов Ғалымбек Қабдешұлына жүктелсін.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қарасу аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрайымы С. Нәзкеева
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы В. Невзоров
Келісілді
"Қарасу ауданы бойынша
салық комитеті" мемлекеттік
мекемесінің төрағасы
_______________ Ғ. Шоқметов