Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2009 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімиятының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 756/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда N 214 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 718-1баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) жалғыз тұрып жатқан тұлғалар;
      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;
      7) бастауыш кәсіби, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын аяқтаған тұлғалар.
      2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша "жастар тәжірибесінен" өту үшін әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан кезде бастауыш кәсіби, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын аяқтаған тұлғалар үшін жұмсалған қаражат шығыны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең аз еңбекақы көлемінен кем болмайтын мөлшерде жұмыс берушіге өтелетін қосымша шара ретінде белгіленсін.
      Ағымдағы жылдың жоғарғы, орта және бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарын аяқтаған түлектерге "жастар тәжірибесіне" жұмысқа орналастыру кезінде еңбек төлемі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 04.09 N 185/4 қаулысымен.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушімен келісілген келісімшарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Осы каулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады