Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2009 жылға арналған қосымша шаралар туралы" N 756/12 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 185/4 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 сәуірде N 227 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақ 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2009 жылға арналған қосымша шаралар туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 12-3-215 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 756/12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі толықтыру енгізілсін:
      1) Қаулының 2- тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "-ағымдағы жылдың жоғарғы, орта және бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарын аяқтаған түлектерге "жастар тәжірибесіне" жұмысқа орналастыру кезінде еңбек төлемі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен белгіленген төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады