Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімиятының 2008 жылғы 19 ақпандағы N 59/2 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 4 наурызда N 50 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 169/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 169/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген  санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша қоса беріліп отырған Нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) бекітілсін.
      2. Ауданның қаржы бөлімі (Беготаева Қ.Қ.) әлеуметтік төлем жөніндегі бағдарламалар мен бағдарламашалар шараларын бюджеттік қаржы бөлу шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі "Аудандық  бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" N 143/4 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-6-40 тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2007 жылғы 2 маусымдағы 22 нөмірінде жарияланған);
      аудан әкімдігінің 2007 жылғы 6 маусымдағы "Аудан әкімдігінің "2007 жылғы 19 сәуірдегі "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" N 143/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 186/6 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-6-42 тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2007 жылғы 16 маусымдағы 24 нөмірінде жарияланған);
      аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 қарашадағы "Аудан әкімдігінің "2007 жылғы 19 сәуірдегі "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" N 143/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 322/12 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12-6-45 тіркелген, аудандық "Родные просторы" газетінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы 49 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Көбенов

Железин ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 59/2 қаулысымен бекітілді

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
төлем тағайындау жөніндегі
Нұсқау

      1. Жалпы ережелер:
      Осы Нұсқау аудан азаматтарының жекелеген санаттарына төлем тағайындау және жүзеге асыру шарттарын жергілікті өкілдік органның шешімімен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы"Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық қолдау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің, заңдық күші бар, 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілетін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларға берілетін жеңілдіктер туралы" N 2247 Жарлығына, аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 31-4/3 шешіміне (3 сессиясы 4–шақырылымы), облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына сәйкес нақтылайды.

2. Жекелеген әлеуметтік төлем
алуға құқығы бар азаматтар санаты

      2. Әлеуметтік төлем алуға құқығы барлар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер;
      2) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілетін азаматтар ("Германиядағы жеңісі үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталғандар); қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың жұбайлары; "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері; әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер, бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;
      3) оқшауланған Ленинград тұрғындары, "Ленинградты қорғағаны үшін" медальдарымен марапатталғандар; 1941-1945 жылдары қаза тапқандардың қайта некеге тұрмаған жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары; еркін жалданған құрамдағы азаматтар;
      4) "Железин ауданының Құрметті азаматы" атағы бар азаматтар;
      5) үйде қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
      6) облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
      7) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
      8) 2008 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жайластыру үшін;
      9) емдеумен қолдау кезеңінде жүрген туберкулезбен ауыратындарға  жүріп-тұруы және тамақтануы үшін;
      "туберкулезбен ауыратын адамның тұргын үйін нақты шығыны бойынша жөндеу";
      10) облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге және жедел емдеуге жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және табысы кедейлік шегінен аспайтын онкологиялық аурулар;
      11) мүгедек-студенттер, жұмыс істейтін мылқау мүгедектер;
      12) көру бойынша 1, 2 топ мүгедегін санаторлық-курорттық емделуге шығарып салушы азаматтар;
      13) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге шығарып салушы азаматтар;
      14) жұмыспен қамту бөлімімен кәсіптік даярлық және қайта даярлаудан өтуге жіберілген жұмыссыз азаматтар;
      15) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды Қазақстан Республикасы шегінде тексерілуге және емделуге шығарып салушы азаматтар;
      16) Ауғаныстандағы әскери әрекеттер жүргізу кезеңіне қатысқан әскери қызметтегілер;
      17) Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар;
      18) жалғызбасты, жалғыз тұратын еңбекке жарамсыз қарт адамдар;
      19) зейнетақының ең аз мөлшерін алатын және еңбек өтілі толық емес зейнеткерлер;
      20) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы  алушылар;
      21) 2007 жылы жоғары және орта оқу орындарынан ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар;
      22) БЦП диагнозымен ауыратын балалары бар жалғыз басты аналар;
      23) жумыссыз 3 топ мүгедектері мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы аз қамтамасыз етілген азаматтар  - жеке шаруашылығын дамыту ұшін, мал алу фактісі бойынша азық алу ұшін;
      24) ағымдағы жылы квотамен келген оралмандар, жайластыру үшін;
      25) дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар зейнеталды жастағы жұмыссыз азаматтар, ер адамдар-58 жастан, әйелдер-53 жастан.
      Ескерту: 2 тармаққа толықтыру енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2008.09.09 N 300/9 қаулысымен.

3. Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жағдайлары

      3. Нағыз нұсқаудың 2 тармағының 2 бөлімінде көрсетілген азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады:
      1) 2 тармақтың 1), 2), 3), 16), 17) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес  1995 жылдан бастап күшіне енген "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілетін азаматтарға жеңілдіктер және оларды қорғау туралы" Заңының 2 - тармағы және 007000332 "Жергілікті өкілдік органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем" бюджеттік бағдарламасына сәйкес;
      2) 2 тармақтың 4), 7), 8), 9), 10), 14), 18), 19), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін – Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 31-4/3 шешіміне (3 сессиясы 4 –шақырылымы,) сәйкес;
      3) 2 тармақтың 5), 11), 12), 13), 15), 22) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңына сәйкес;
      4) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына сәйкес;
      5) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-б бұйрығымен бекітілген үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Қалыпты Ережелеріне сәйкес, сонымен қатар осы категориядағы отбасыларына тұрғын үй коммуналдық қызметтері отбасының бір мүшесіне төленеді;
      6) 2 тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –  маманның жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықсыз әлеуметтік төлем тағайындау жүргізілмейді;
      7) 2 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1685қаулысымен бекітілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ережелеріне сәйкес төленеді.

4. Әлеуметтік төлем мөлшері

      4. Нұсқаудың 2 бөлімінің 2 - тармағында көрсетілген азаматтар санаттары үшін әлеуметтік төлемдер мына түрлер бойынша тағайындалады:
      1) 2 - тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне бір жолғы материалдық көмек 10000 теңге мөлшерінде; дәрі-дәрмек алу үшін ай сайынғы өтемақы 1 айлық есептеу көрсеткіші (бұдан әрі -АЕК) мөлшерінде; тоқсанына 1 рет облыс орталығына бару жолын деректі құны бойынша өтеу; екі кезеңдік басылымға жазылу; тұрғын үй-коммуналдық қызметтік төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде; бағасы 1500 теңгеден қымбат тұратын дәрілердің құнын өтеу;
      2) 2-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір рет берілетін материалдық көмек;
      3) 2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір рет берілетін материалдық көмек; тұрғын үй–коммуналдық қызметтік төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде;
      4) 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  коммуналдық қызмет төлемі үшін 23000 теңге мөлшерінде бір жолғы ақшалай өтем ;
      5) 2-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 5000 теңге мөлшерінде мүгедектер күніне орай бір жолғы берілетін материалдық көмек;
      6) 2-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  облыстың жоғары оқу орындарында оқуы үшін нақты құны бойынша төлем, тұруы, тамақтануы және тұратын жеріне жетуі үшін ай сайын 5000 теңге;
      7) 2-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың тамағы үшін жыл ағымында күніне 100 теңге төлем;
      8) 2-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 5 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      9) 2-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - 5 АЕК мөлшерінде ай сайын тамақтануы және жүрісі үшін берілетін материалдық көмек; туберкулезбен ауыратын азаматтың үйін жөндеуге;
      10) 2-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  облыстық онкологиялық диспансерге бару жолын нақты құны бойынша өтеу, жедел емделуге 10 АЕК мөлшерінде;
      11) 2-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқып жүрген мүгедек-студенттерге және мылқау мүгедектерді сауықтыру үшін 10 АЕК мөлшерінде мүгедектер күніне орай бір жолғы материалдық көмек;
      12) 2-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  көру бойынша 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге шығарып салушы азаматтардың нақты шығындарын ( жүріп-тұруын, тамақтануын, тұруын) растайтын құжаттар негізінде;
      13) 2-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 1, 2 топ мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге және медициналық тексерілуге шығарып салушы азаматтардың жүріп-тұруының нақты шығындарын растайтын құжаттар негізінде;
      14) 2-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-оқыту кезеңіне ай сайын 3000 теңге мөлшерінде стипендия;
      15) 2-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін -  бару және кері қайту жүрісінің нақты шығындарын растайтын құжаттар негізінде;
      16) 2-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне орай 5 АЕК мөлшерінде бір рет берілетін материалдық көмек; сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет 2 АЕК мөлшерінде; тұрғын үй–коммуналдық қызметтік төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде;
      17) 2-тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - сауықтыру үшін тоқсанына 1 рет 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек; тұрғын үй–коммуналдық қызметтік төлемі ай сайын 1,25 АЕК мөлшерінде;
      18) 2-тармақтың 18), 19), 20) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін-тұрғын үй–коммуналдық қызметтік төлемі тоқсан сайын 2 АЕК мөлшерінде;
      19) 2-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әр маманға 50.0 теңге мөлшерінде берілетін бір жолғы  әлеуметтік көмек;
      20) 2-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-тоқсан сайын 3 АЕК мөлшерінде төленетін материалдық көмек.

5. Қажетті құжаттар тізбесі

      5. 2 бөлімнің 2 тармағында көрсетілген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін сәйкес құжаттар қажет:
      1) 2-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталық бөлімімен салыстырып анықталған алушының мәртебесін растайтын тізімге сәйкес, қосымша жүрісі, турғын ұйін жөндеуге және кезеңдік басылымға жазылуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші;
      2) 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтемақы алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН,алушының мәртебесін растайтын құжат, тұрғылықты жерінен анықтама;
      3) 2-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші (ата-анасы немесе қамқоршысы), жеке куәлік көшірмесі, СТН, мүгедектікті растайтын медициналық әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) анықтамасының көшірмесі, тұрғылықты жерінен анықтама;
      4) 2-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санат үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші; аудан әкімі, студент және оқу орнының басқарушысы арасындағы үш жақты келісімшартының көшірмесі;
      5) 2-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - ауданның білім беру бөлімі мөрімен куәландырылған тізімге сәйкес;
      6) 2-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, босаған жерінен анықтама, тұратын жерінен анықтама;
      7) 2-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - аудандық туберкулезге қарсы аурухана мөрімен куәландырылған тізімге сәйкес, әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, тұрғылықты жерінен анықтама; үйін жөндеу үшін тексеріс актісі;
      8) 2-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, СТН, жеке куәлік көшірмесі, нақты шығынын растайтын құжаттар (өтініші немес жүру билеттері); жедел емделу өткізілгенін растайтын медициналық мекеменің анықтамасы;
      9) 2-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші (ата-анасы не қамқоршысы), жеке куәлік көшірмесі, СТН, мүгедектікті растайтын МӘС анықтамасының көшірмесі, оқитын жерінен анықтама, тұрғылықты жерінен анықтама;
      10) 2-тармақтың 12 ) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, науқастың медициналық картасы, нақты шығынын растайтын құжаттар;
      11) 2-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алушының жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, науқастың медициналық картасы, нақты шығынын растайтын құжаттар, тұрғылықты жерінен анықтама;
      12) 2-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - өтемақы алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, оқу орнынан анықтама;
      13) 2-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - стипендия алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, мүгедектікті растайтын МӘС анықтамасы көшірмесі, медициналық мекеменің жолдамасы, тұрғылықты жерінен анықтама, нақты шығынын растайтын құжаттар;
      14) 2-тармақтың 16), 17) тармақшаларында көрсетілген санаттар  үшін - өтемақы алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталық бөлімімен куәландырылған мәртебесін растайтын тізім; жеке куәлік көшірмесі, СТН, сауықтыру үшін медициналық мекеме анықтамасы;
      15) 2-тармақтың 18) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - өтемақы алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, селолық округ мөрімен куәландырылған тізім, тұрғылықты жерінен анықтама;
      16) 2-тармақтың 19), 20) тармақшаларында көрсетілген санаттар  зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталық бөлімімен салыстырып анықталған алушының мәртебесін растайтын тізімге сәйкес, жеке куәлік көшірмесі, СТН;
      17) 2-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, сәйкес департаменттің жолдамасы, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық көшірмесі, жеке куәлкі көшірмесі, СТН, жеке әлеуметтік кодының көшірмесі, тұратын жерінен анықтама, еңбек келісімшартының көшірмесі. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы қоса тапсырылады, салыстырып тексергеннен кейін, түпнұсқалары қайтырылып беріледі;
      18) 2-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін –  өтемақы алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты, банкі мен байланыс бөлімі атауы көрсетілген өтініші, жеке куәлік көшірмесі, СТН, алушының мәртебесін растайтын құжат, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, МӘС анықтамасының көшірмесі.
      19) 2 тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - келісімшарт, әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, басқа табыстарының көрсетілуімен қатар тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, селолық округ әкімінің қолдаухаты, шаруашылығы және ұй учаскесі көрсетілген тұратын жерінен анықтама, әлеуметтік көмек берілу қажеттілігі туралы учаскелік комиссияның шешімі, 3 топ мүгедектігі анықтамасының көшірмесі, жұмыссыз ретінде есепте тұрғаның растайтын анықтама;
      20) 2 тармақтын 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, оралман мәртебесін растайтын құжат;
      21) 2 тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін - әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысы.
      Ескерту: 5 тармаққа толықтыру енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2008.09.09 N 300/9 қаулысымен.

6.Есеп және есептілік

      6. Көрсетілген әлеуметтік төлемдер ауданның жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен азаматтардың өтініштері, қажетті құжаттар қосымшалары негізінде, алушылардың халық банкі немесе тұрғылықты жерінің пошталық жүйесіне аудару жолымен жүзеге асады.
      7. Әр айдың 25 күні ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлемдерді қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттың қажеттілігі туралы қаржы бөліміне өтінім береді.
      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тоқсан сайын, тоқсандық есеп берудің 10 күні төленген сомалар бойынша қаржы бөліміне қаржыландыру шамасында есеп беруге міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады