"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылға арналған ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың төлем ставкаларын бекіту туралы"

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 162 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 29 қаңтарда N 808 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 263 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009.11.30 N 263 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Cалық және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 38 бабы 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.      
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы бойынша Салық комитеті департаментінің директоры Н.Д.Үсеноваға жүктелсін.

       ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХІV сессиясының
      төрағасы                              Қ. Қазанбаев

       ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатның хатшысы                  Т. Мұқашев  

ІV сайланған       
Алматы қаласы мәслихатының
2008 жылғы "22" желтоқсандағы
ХІV сессиясының     
N 162 шешіміне қосымша  

"Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі"
мемлекеттік мекемесінің 2009 жылға арналған
ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың
төлем ставкалары

N р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлем ставкасы

1.

Туристік және рекреациялық мақсаттарда:


жеңіл автокөлік

теңге/автомашина

300


жүк автокөлігі және автобустар

теңге/автомашина

300


автобус бағытының түсімдері

теңге/жыл

16000


ЕҚТП аумағында жұмыс істейтін көлік иелерінің автокөлігі

теңге/жыл

16000


ғылыми мақсаттарда (ғылыми зерттеулер өткізу)

адам/күн

120

2.

Мәдени ағарту және оқу мақсаттарында:


табиғаттың жансыз нысандарын көрсету, өсімдіктер мен жан-жануарлар, тарихи-мәдени мұра нысандары

адам/күн

120


оқушылар мен студенттердің өндірістік оқулары мен сабақтарын және оқу саяхат жұмыстарын өткізу

адам/күн

120


ғылыми кадрларды әзірлеу, қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану салаларындағы мамандардың біліктіліктерін арттыру

адам/күн

120


Шектеулі-шаруашылық мақсатта

адам/күн

120

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХІV сессиясының
      төрағасы                              Қ. Қазанбаев

      
      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатның хатшысы                  Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады