2010 жылға арналған "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 263 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 832 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 380 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 380 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз).

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 510 бабы 2 тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылға арналған «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Мемлекеттік мекемесінің 2009 жылға арналған ерекше қорғалатын аумағын пайдаланудың төлем ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 162 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 29 қаңтарда № 808 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2009 жылғы 28 ақпандағы № 24 және «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылғы 07 ақпанында № 15-16 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім 2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа жүктелсін.

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXIII сессиясының
      төрағасы                                Т. Мұқашев

ІV сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
ХХIII сессиясының
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 263 шешіміне қосымша

2010 жылға арналған
«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»
мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын аумағын
пайдаланудың төлем ставкалары


р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлем ставкасы

1

Туристік және рекреациялық мақсаттарда:


Жеңіл автокөлік

теңге/автомашина

300


Жүк автокөлігі және автобустар

теңге/автомашина

300


Автобус бағытының түсімдері

теңге/жыл

16000


ЕҚТП аумағында жұмыс істейтін көлік иелерінің автокөлігі

теңге/жыл

16000


Ғылыми мақсаттарда (ғылыми зерттеулер өткізу)

адам/күн

120

2

Мәдени ағарту және оқу мақсаттарында:


Табиғаттың жансыз нысандарын көрсету, өсімдіктер мен жан-жануарлар, тарихи-мәдени мұра нысандары

адам/күн

120


Оқушылар мен студенттердің өндірістік оқулары мен сабақтарын және оқу саяхат жұмыстарын өткізу

адам/күн

120


Ғылыми кадрларды әзірлеу, қорық ісі, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану салаларындағы мамандардың біліктілігін арттыру

адам/күн

120


Шектеулі-шаруашылық мақсатта

адам/күн

120

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXIII сессиясының
      төрағасы                                Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады