Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің 2009.08.14 N 197 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Тізімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысының 2-тармағы негізінде және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Аудан әкімінің құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Галиаскарова А.В.) осы қаулының Айыртау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Кислинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Айнабеков
Айыртау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы № 237
қаулысымен бекітілген
«Қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 16) тармақшасы негізінде көрсетіледі - «статистикалық шаруашылық есебін жүзеге асырады», «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы».
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдары көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама (хат) беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағындағы селолық елді мекендерде тұратын жеке тұлғаларға (әрі қарай - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімде көрсетіледі:
1) тұтынушы талон алған сәттен бастап мемлекеттік қызметті корсету мерзімі - 15 күн;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп берілген күту уақыты - 20 минут;
3) анықтаманы (хатты) алу кезінде кезекте тұрудың ең көп уақыты - 20 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төленбейді.
9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдарының арнайы ақпараттық стенділерінде орналасқан.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек бойынша, алдын ала жазылусыз және шұғыл қамтамасыз ету бойынша жүргізіледі.
11. Осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың ғимараттарында күту залы, құжаттарды толтыру үшін орындар, қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру үлгілері стенділерімен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін ұсынылады:
1) өтініш;
2) жеке куәлігінің (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, шетелдіктің тұру куәлігі, оралманның Қазақстан Республикасының азаматтығын алған уақытқа дейінгі куәлігінің, туу туралы куәлігінің) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңымен белгіленген куәлендірілген тәртіпте көшірмелері;
3) берілген әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжаты (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекен-жайлық бюродан анықтама, селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) салық төлеушінің тіркелу нөмірі куәлігінің көшірмесі (СТН);
5) ветеринарлық құжат көшірмесі.
13. Керекті өтініштің бланктері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдармен беріледі.
14. Толтырылған өтініштер осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдарға тапсырылады.
15. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды толық тапсырғаннан соң өтінішті қабылдаған маманның аты-жөні, қабылдаған мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Рұқсат қағазының дайындығы туралы тұтынушыға мемлекеттік органдардың мамандарымен телефон арқылы немесе өзі жеке барғанда ала алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартуы мүмкін:
1) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда;
2) ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органдардың қызметтері адамның конституциялық құқықтары мен заңдарын, қызметтік міндеттерін орындауда заңдылықтарды сақтауға негізделеді және сыпайылық түрде жүзеге асырылады, жеткілікті ақпарат ұсыну, оны сақтауды, қорғауды және таралмауын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік
көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құралған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуде селолық округ әкімі аппараттарының мамандарының әрекетіне (әрекетсіз) шағымдану аудан әкімінің, селолық округ әкімінің атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша селолық округ әкімі аппаратының қабылдау бөлмесіне және аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон 8(71533) 22648, электронды пошта: airtay-akimat@mail.kz.
22. Шағымдар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша селолық округ әкімі аппараттарының қабылдау бөлмесі арқылы немесе аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, телефон 8(71533) 22648, электронды пошта: airtay-akimat@mail.kz.
23. Қабылданған шағым азаматтардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және заңдылықпен белгіленген уақытында қаралады.
Шағымдарды қарау барысын шағымды қабылдаған мемлекеттік органның телефоны арқылы білуге болады.
Шағымдарды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы немесе жеке қабылдауда болуымен хабарланады.
Таласты сұрақтар азаматтық соттық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
6. Байланыс ақпараты
24. Мемлекеттік қызмет ұсынуға жауапты мемлекеттік органдар мамандарының мекен-жайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
25. Мекен-жайы: «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44, қабылдау бөлмесінің телефоны (871533)21102, электрондық мекен-жайы: airtay-akimat@mail.kz
«Қосалқы шаруашылығының бар
екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
№ |
Мемлекеттік орган атауы |
Мемлекеттік органның мекен-жайы |
Телефоны |
1 |
«Антонов селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка селосы |
8(71533)26117 8(71533)26332 |
2 |
«Арықбалық селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150103, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы |
8(71533)41140 8(71533)41141 |
3 |
«Володар |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкол селосы, М.Янко көшесі 19 |
8(71533)21153 8(71533)21857 |
4 |
«Гусаковка |
150105, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка селосы |
8(71533)48444 8(71533)48217 |
5 |
«Елецкий селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкое селосы |
8(71533)29634 |
6 |
«Жетікөл селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкол селосы, Ш.Уәлиханов |
8(71533)21186 |
7 |
«Имантау селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150107, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау селосы |
8(71533)45668 8(71533)45543 |
8 |
«Казанка селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150108, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Казанка селосы |
8(71533)23148 |
9 |
«Қамсақты селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150114, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Карасевка селосы |
8(71533)25332 |
10 |
«Қаратал селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150117, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал селосы |
8(71533)29323 |
11 |
«Константиновкаселолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150111, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка селосы |
8(71533)45174 |
12 |
«Лобанов селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150115, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново селосы |
8(71533)46244 8(71533)46288 |
13 |
«Нижнебурлук селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150116, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Нижнебурлук селосы |
8(71533)48444 |
14 |
«Сырымбет селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150121, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет селосы |
8(71533)28123 |
15 |
«Украин селолық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
150110, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Кирилловка селосы |
8(71533)24182 8(71533)24197 |
«Қосалқы шаруашылығының бар
екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қол жетімділіктің көрсеткіштері |
Көрсеткіш- |
Келесі жылы көрсеткіш- |
Есептік жылы көрсеткіштің ағымдық маңызы |
1. Уақыттылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғасының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
1.2. Қызмет көрсетуді алу үшін кезекте 40 минуттан артық емес күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс ресімделген құжаттардың оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі туралы сапамен және ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.2. Тұтынушымен дұрыс толтырылған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
3.3. Ақпараты Интернет арқылы қолжетімді қызмет көрсетудің % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Қызмет көрсетудің аталмыш түрі бойынша қызмет көрсетілген тұрғындардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0 |
0 |
0 |
4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.4. Шағымданудың мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Қызметкерлер- |
100 |
100 |
100 |