Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.12.29 N 537 Қаулысымен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 4- тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, бір жолғы талондарды беруді ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданының селолық округтер аумағында, Явленка селолық округінен басқалары бір жолғы талондарды беруді және бір жолғы талондарды сатудан түскен сомалардың толық жинауын селолық округтер әкімдері жүзеге асырады.
2. Салық алымдарын (бір жолғы таландарды) ұйымдастыру кезінде селолық округтер әкімдері мыналарды қамтамасыз етеді:
1) бір жолғы талондардың түбіртегілерінің толық, дұрыс толтыруын және сақталуын;
2) қолданыстағы заңнамамен орнатылған тәртіппен бір жолғы талондарды беруден түскен сомаларды бюджет есебіне жатқызуды;
3) бір жолғы таландардың берілуін (алуын) тіркеу журналында бір жолғы талондарды беру есебін жүргізуді;
4) салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салықтарды салық органы белгілеген тәртіппен және мерзімде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді беруді.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі В. Бубенко