Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2010.01.14 N 6 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына 1-тармағына 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік корғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Мамлют аудандық мәслихат сессиясының «2008 жылға аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 5/2 шешіміне (нормативтік–құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-10-56 2008 жылғы 23 қаңтарынан, 2008 жылғы 8 ақпандағы № 8 «Знамя труда» газетінде жарияланған) сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктер көрсету Ережелерін бекіту туралы» (2005 жылғы 22 ақпандағы № 1496 нормативтік–құқықтық актілерді мемлеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2005 жылғы 18 наурыздағы № 12 «Знамя труда» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысына төмендегі өзгертулер енгізілсін:
Қаулымен бекітілген Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге әлеуметтік жеңілдіктерді көрсету Ережелерін бекіту туралы:
1-3 тармағымен төмендегі мазмұнда толықтырылсын:
«3-1. Әр Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушыға Республикалық және жергілікті кезекті басылымдарға жазылуға материалдық көмек республикалық және жергілікті кезекті басылымдарға жазылу кезінде жазылу бағасының мөлшерінде анықталды».
«3-2.Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне аудандық бюджетпен бекітілген қаржы бөлу шегінде 10000 (он мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалсын».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оны бірінші рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Нұғыманов