Тимирязев ауданынң елді мекенінде иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі N 6/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 мамырда N 13-12-62 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы N 4/14 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 4/14 Шешімімен

      Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармақ 8-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тимирязев ауданының елді мекенінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

      Аудандық мәслихаттың                      Аудандық мәслихаттың
      VI сессиясының төрағасы                  хатшысы
      С. Жүкеев                                А. Анненков

2008 жылғы 29 сәуірдегі №6/2
аудандық мәслихаттың сессиясының
шешімімен бекітілді

Тимирязев ауданының елді мекендерде иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ

      Осы ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексі, және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленген.
      Осы Ереже аудан аумағында үй жануарларын ұстауын белгілеу мақсатында әзірленген, әсіресе иттер мен мысықтар және осы Ережені бұзушылыққа жауапты заңды және жеке тұлғаларды белгілейді.
      Ереже иттер мен мысықтарды ұстайтын меншік түрінен тәуелсіз барлығына бірдей заңды және жеке тұлғаларға таралады.

1. Жалпы ережелер

      Осы ереже Тимирязев ауданының елді мекендерінің аумағында қызмет етеді.
      Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
      ит - үй жануары, сүтқоректілер, қасқыр тұқымды, өлшемдері әр түрлі, түстері әр түрлі белгілерді береді;
      мысық - үй жануары, сүтқоректілер, мысық тұқымды, өлшемдері әр түрлі белгілерді береді;
      жануарлардың иесі - ит немесе мысық ұстайтын адам, немесе жалға  беру негізінде жануарларды ұстаумен айналасатын немесе басқа ұқсастық қатынастар бойынша иесімен келіскен адам;
      қараусыз қалған жануарлар – иесін анықтауға келмейтін, тіркелмеген жануарлар, иесінен қашып кеткен ,иесі немесе жауапты беттің жағынан қараусыз қалған жануарлар;
      иттер мен мысықтарды далаға шығарып қыдырту-жануарларды далаға  шығарып үйлердің сыртында немесе қыдырту,сонымен қатар арнайы аумақтарда иттермен және мысықтармен қыдыруға болады.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау

      1. Жануарларды ұстайтын иелері санитарлы-гигиенаны, үй жануарларын ұстау ветеринарлық ережені сақтау керек.
      2. Иттерді үй маңында ұстау кезінде иелері оларды байлауда немесе вольерлерде ұстап, олардың қашып кетуін болдырмауға және көршілердің ауласынан ара қашықта ұстауға тиіс Аулаға кіретін қақпада иттің бар болуы туралы ескерту тақтайшасы болу керек. Иттер мен мысықтар ұстау саны шексіз, бірақ та көршілерге қолайсыздық болмау керек.
      3. Қоғамдық жерде және көшеде иесіз жүрген иттер ұстап алуға жатады.
      4. Иттер, мысықтар, қоғамдық жерде иесіз жүрсе, дүкен, аурухана жанында уақытша байлаулы тұрғандардан басқалар бақылаусыздар болып саналады.
      5. Үш айлық иттер, екі айлық мысықтар бірінші рет тіркеуден өту және жыл сайынғы тіркеу жасау жатады.
      6. Үй жануарларының иесі жануарларды сатып алса немесе мекен-жайын ауыстырса екі жұма мерзімінде оларды тіркеу қажет.
      7. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде жануар куәлігі және үлгі орнату нөмір жетонына жануарлар иесіне тапсырылады және оның есебінен төленеді.
      Тіркеу кезінде жануар иесі осы ережелермен танысуы қажет. Жануар иесінің ережемен танысқаны оның қолы мен тіркеу кітабына куәлендіріледі.
      8. Жануарлар иелері мыналарды орындауға тиіс:
      1) Жануарларды биологиялық ерекшелігіне сәйкес ұстау, адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырған кезінде уақытында ветеринарлық көмегіне келуге.
      2) Осы ереже талабына сай жануарларды ұстауын қамтамасыз етуге.
      3) Айнала қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне керекті шаралар қолдану, тыныштықты, санитарлық талаптарды сақтау.
      4) Жалпы пайдалану орнын ластауын жоюға.
      5) Жануарлармен адамды не малдарды қабуы, тістеген кезінде жақын арадағы ветеринарлық мекемеге міндетті түрде хабарлап, жануарларды мемлекеттік ветеринарлық қызметке қарауға және уақытша тыйымға
әкелуге.
      6) Жануарлар өлігін қалдық жинайтын жерден лақтырмауға. Өлген жануарлар өлігі жойылуға тиіс.
      7) Кеміргіштер мен жәндіктердің пайда болуын болдырмауға міндетті түрде шаралар қолданып, жануарларды қараусыз қалдырмауға, қаңғырушылықты жібермеуге.
      8) Жануарлар иелері берілген мерзім уақытында ветеринарлық шараларын қамтамасыз ету, жануарлардың уақытша тыйым салу ережесін сақтау, жұқпалы ауруларды жою бойынша шаралар өткізу.

3.Ережені бұзғаны үшін иелер жауаптылығы.

      9. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 311-бабына, сәйкес лауазымды және жеке тұлғалар осы ережені бұзған үшін жауапкершілікке тартылады.
      10. Материалдық зиян тиген кезінде, зиян шегуші оны есесін қайтаруы үшін сотқа баруға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады