Тимирязев ауданына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлерге біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 246 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 қыркүйекте N 13-12-79 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы N 257 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихаттың кезекті 5 сессиясының ««2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 4/1 сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» 2008 жылғы 21 наурыздағы № 5/4 шешімін (2008 жылғы 19 сәуірде № 17 «Нива»  газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-12-60 тіркелген) шешімін іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тимирязев ауданына тұрақты жұмысқа келген медициналық қызметкерлерге біржолғы әлеуметтік көмек төлеу мөлшері белгіленсін:
      дәрігерлерге және жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге;
      орта медициналық қызметкерлерге және орта медициналық оқу орындарының түлектеріне 50 000 (елу мың) теңге;
      2. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі алушылардың жеке шоттарына  ай сайынғы әлеуметтік көмек төлеуді қамсыздандырсын.
      3. "Тимирязев ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетімен бекітілген 451- 007-000 бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шегінде жүргізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                       Б.Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады