Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 65 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес IV шақырылған облыстық мәслихат V сессиясында шешім етті:
1. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясының 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 58-ІV "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (2008 жылғы 31 қаңтарында Атырау облыстық Әділет Департаментінде N 2518 санымен тіркелген "Атырау" газетінің 2008 жылғы 9 ақпандағы N 16 (18785) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының 2008 жылғы ставкалары қосымшаға сәйкес реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Шырдабаев).
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және шешімдердің қосымшасындағы 7 тармақтағы төлемақылар заңды тұлғалар үшін 2008 жылдың 8 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Ескерту. Шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 2008.11.12 N 131-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 1-тармақтан қараңыз).
Облыстық мәслихат V сессиясының төрайымы Облыстық мәслихат хатшысы |
Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 72-ІV шешіміне қосымша |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
7. | Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары | Шартты тонна | | 50000 |