Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 58-ІV "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 қарашадағы N 131-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 24 қарашада N 2535 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 65 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 Қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес IV шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ІХ сессиясында ШЕШIМ ЕТТІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 8 қаңтардағы N 58-ІV "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (2008 жылғы 31 қаңтарда Атырау облыстық Әділет Департаментінде N 2518 санымен тіркелген, "Атырау" газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы N 19 (18730) жарияланған), 2008 жылғы 8 ақпандағы N 72-ІV "2008 жылғы 8 қаңтардағы N 58-ІV "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешіміне (Атырау облыстық Әділет Департаментінде 2008 жылғы 12 наурызда N 2524 санымен тіркелген, "Атырау" газетінің 2008 жылғы 22 наурыздағы N 33-34 (18803) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 4 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және шешімдердің қосымшасындағы 7 тармақтағы төлемақылар заңды тұлғалар үшін 2008 жылдың 8 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады".   
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және шешімдердің қосымшасындағы 7 тармақтағы төлемақылар заңды тұлғалар үшін 2008 жылдың 8 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Облыстық мәслихаттың
      ІХ сессиясының төрағасы          Б. Қощанов

      Облыстық мәслихат 
      хатшысының міндетін атқарушы     М. Артығалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады