Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат кезектен тыс IV сессиясында шешім етті:
1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы ставкалары төмендегі қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М. Шырдабаев).
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және шешімдердің қосымшасындағы 7 тармақтағы төлемақылар заңды тұлғалар үшін 2008 жылдың 8 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Ескерту. Шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 2008.11.12 N 131-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 1-тармақтан қараңыз).
Облыстық мәслихаттың
IV сессиясының төрағасы М. Қалиев
Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев
Атырау облыстық мәслихатының
2008 жылғы 8 қаңтардағы
N 58-IV шешіміне қосымша
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының 2008 жылғы ставкалары
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 2008.02.08 N 72-ІV Шешімімен.
Р/с № |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Қалдықтардың қауіптілік деңгейі |
Төлемақының ставкалары, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Ластаушы заттардың |
шартты тонна |
2600 |
|
2. |
Ластаушы заттардың |
пайдаланылған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна) |
||
этилденбеген |
800 |
|||
дизель отыны үшін |
1000 |
|||
сұйытылған, сығылған газ үшін |
600 |
|||
3. |
Ластаушы заттардың |
шартты тонна |
||
су көздеріне2 |
22000 |
|||
Жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне |
21000 |
|||
4. |
Коммуналдық (қатты |
тонна |
770 |
|
5. |
Өнеркәсіптік қалдықтар: |
|||
Өндіріс пен |
тонна |
"қызыл" тізім |
38500 |
|
"янтарь" тізім |
19200 |
|||
"жасыл" тізім |
4800 |
|||
жіктелмегендер |
2500 |
|||
бұдан басқа: |
||||
аршынды жыныстар4 |
тонна |
10,7 |
||
байыту шлактары, |
109,5 |
|||
күл мен күлшлактар4 |
1536 |
|||
ауыл шаруашылығы |
512 |
|||
6. |
Радиоактивті |
гигабек-керель |
||
трансуранды |
2060 |
|||
альфа-радиоактивті |
1030 |
|||
бета-радиоактивті |
103 |
|||
шынақты радиоактивті |
1030 |
|||
7. |
Заңнамада белгіленген |
Шартты тонна |
50000 |
Ескертпе:
1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес
сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,75 коэффициенті;
2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар
субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға
эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,3 коэффициенті;
2 0,43 коэффициенті;
4 0,25 коэффициенті;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын
полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың
көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына
коэффициенттер енгізіледі:
3 0,2 коэффициенті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің
1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2)
тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.