Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.12.08 N 384 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558, "Жеке және заңды тұлғалардың көрсететін мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымша беріліп отырған "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыс әкімінің аппарат басшысы
Облыс әкімінің орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2008 жылғы 18 сәуірдегі N 116 қаулысымен
бекітілген қосымша
"Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тарайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Есепке алу-Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тарайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты жүргізілетін тәртіп.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-автоматтандырылмаған.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында тарайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою мына заңдылықтардың негізінде көрcетіледі:
1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңының 4-4 бабының 2-тармақша;
2) "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына есеп жүргізу ережесі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі N 843 қаулысының 1-ші бөлімінің 3 тармағы;
3) "Жеке және заңды тұлғалардың көрсететін мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысының 39-тармағы.
4. Осы мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті ұсынады. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 3 үй. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арнайы сайты: www.ontustik.kz
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қорытындысы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою анықтамасы болып табылады.
6. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
7. Осы мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1) осы мемлекеттік қызмет жеке (заңды) тұлғалардың жазбаша арыз-шағымдары тіркелген күннен бастап 15 күннің ішінде көрсетілуі тиіс;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде т.с.с) кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт-40 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі күтуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт-30 минут.
8. Осы мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат шолу кезінде (стендте) Оңтүстік қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің фойесінде орналасқан және "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан" газеттерінде, Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің арнайы сайтында www.ontustik.kz жарияланған.
10. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің жұмыс кестесі: құжаттар қабылдауы Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы N 3 үйде орналасқан, N 218 бөлмеде әр күн сайын, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады, үзіліс - сағат 13.00-ден 15-00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету талаптары жоқ.
11. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдайлар жасалған: үстел, 2 орындық, жазғы мерзімде оңтайды температураны сақтау үшін кондиционер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөліміне тізбеге сай мына құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген үлгідегі арыз;
2) жеке таратушы тұлға үшін-жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқықты растайтын құжаттың көшірмесі;
3) заңды тұлға үшін (филиалының немесе өкілдіктің) - мемлекеттік (есептік) тіркеу куәлігінің көшірмесі.
Өтініш беруші көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде белгіленген
тәртіппен тіркелген төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетеді. Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы N 3 үйде орналасқан, N 218 бөлме, тел 23-32-32.
13. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы анықтама мен өтініштің нысанын беру орны, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ әрі қарай) мониторингі бөлімі болып табылады, 321 бөлме және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арнайы сайты www.ontustik.kz
14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін берген өтініштері мен басқа да құжаттары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің мамандарына тапсырылады, 218 бөлме, тел 23-32-32.
15. Осы мемлекеттік қызметті тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уақыты көрсетілген талонды алады.
16. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары есеп туралы анықтаманың берілуі Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне өзінің жеке баруы бойынша жүзеге асырылады, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы N 3 үйде орналасқан, 218 бөлме, тел: 23-32-32.
17. Жеке және заңды тұлғаларға осы мемлекеттік қызметті ұсынуда бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырмау;
2) осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттарда толық немесе шындыққа сәйкес емес ақпаратты көрсету;
3) бұқаралық ақпарат құралдары материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуды, соғыстың, әлеуметтік, таптық, діни, нәсілдік, ұлттық немесе рулық артықшылықты, қатыгездік, зорлық-зомбылық және порнографияға табынушылықты насихаттау немесе үгіттеу болса;
4) бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі бар болса;
5) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өніміне байланысты Қазақстан Республикасы аумағында оны таратуға тыйым салатын сот шешімі бар болса.
18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;
2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
3) тұтынушылар құжаттарының ақпараты мен мазмұнының қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі).
20. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары түсіндіреді, 325 бөлме, тел. 23-31-31.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінің аталмыш мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы шешіміне жеке және заңды мүддесі тұлғалардың сот тәртібі арқылы шағымдану мүмкіндіктері бар.
22. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының атына жазылған арыз-шағымдар әкімшілік бөлімінде тіркеледі, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы N 3 үйде орналасқан, N 326 бөлме, тел: 53-45-48.
23. Арыз-шағымдардың қабылданғандығын растайтын құжат тіркеу журналында тіркелген, берілген арыз-шағымға жауап алынатын орны көрсетілген әкімшілік бөлімінде берілген талон болып табылады. Арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы мына байланыс телефоны арқылы білуге болады: 53-45-48.
24. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жөніндегі мәліметтер. Пошталық мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, N 3 үй.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының телефоны: 33-97-93.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры орынбасарының телефоны: 23-31-31.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі мамандарының телефоны: 23-32-32.
Жұмыс кестесі: әр күн сайын сағат 9.00-ден -19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Жеке тұлғаларды қабылдау күндері: Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры: әр айдың 3-ші бейсенбісі сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін;
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары: жұма сайын сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.
Жоғарғы органның байланыс мәліметтері: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты - Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй, тел. 53-74-43, факс. 53-05-27.
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.kz. сайтына енгізілген.
"Оңтүстік Қазақстан облысы
аумағында тарайтын шетелдік
бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу" мемлекеттік қызмет
көрсетудің стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативті мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есептік жылғы ағымдағы мәні |
|
1. |
2. |
3. |
4. |
|
1. Уақтылығы |
||||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100 % |
100 % |
100 % |
|
1.2. Қызмет алудың кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 % |
100 % |
100 % |
|
2. Сапасы |
||||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 % |
100 % |
100 % |
|
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100 % |
100 % |
100 % |
|
3. Қол жетімділігі |
||||
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
80 % |
80 % |
80 % |
|
3.2. Тұтынушы құжаттардың дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
100 % |
90 % |
100 % |
|
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) |
50 % |
50 % |
30 % |
|
4. Шағымдану үдерісі |
||||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
- |
- |
- |
|
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылуға негізделген шағымдардың % (үлесі) |
- |
70 % |
- |
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
95 % |
60 % |
50 % |
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
95 % |
60 % |
50 % |
|
5. Әдептілігі |
||||
5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
100 % |
70 % |
100 % |
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www. кyzmet.kz)