Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 218 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 2771 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 438 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 28.12.2015 № 438 қаулысымен (01.01.2016 қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы»;
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес анықталсын.»;
      12345-қосымшалар осы қаулыға 12345-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулы осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес 6 қосымшасымен толықтырылсын.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын:
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкiмi:                               А.Мырзахметов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Оңтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихат хатшысы
      ______________ Қ. Ержан
      «30» 07 2014ж.

Оңтүстік Қазақстан
облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 218 қаулысына 1-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарынсыз.
      2. Бөлім, станция, бөлiмше секторы басшысы, филиал, орталық, сүтхана, дәрiхана меңгерушiсi, зертхана меңгерушiсi, арнайы медициналық қойма жабдықтау меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрiгерлер, акушер, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, дантист, тiс технигi, барлық атаудағы медициналық бике, маманданған медициналық бике, барлық атаудағы фельдшер, медициналық статистик, провизор, психолог, барлық атаудағы зертханашы, барлық атаудағы ассистент (көмекші) маманы, фармацевт; залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы; кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, музыкалық жетекші.

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 218 қаулысына 2-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарынсыз.
      2. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы дәрiгерлер, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, тiс технигi, мамандандырылған медициналық бике, барлық мамандықтағы медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, әдістемеші, өндіріс оқыту шебері; залалсыздандыру жұмыстары, емдеу шынықтыру, еңбек және қызметкерлерді дайындау жөніндегі нұсқаушы; психолог, кітапханашы, фельдшер, тәрбиеші, музыкалық жетекші.

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 218 қаулысына 3-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгерушісі, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, лагерь (бастығы) меңгерушісі білім беру ұйымдарында.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалiмдер, вожатый, тәрбиешi, оқу орнының, оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы; оқу тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекшi, аккомпаниатр, концертмейстер; өндірістік оқыту шебері, әдiскер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша мамандықтағы педагог, дәрігер-психиатр, дәрігер-невропатолог, дәрігер-сурдолог, дәрігер-офтальмолог, сурдопедагог, тифлопедагог, медициналық статистик, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, зертханашы, мұғалім – логопед, мұғалім - дефектолог.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 218 қаулысына 4-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі 

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Көркем жетекшi, филиал меңгерушісі, труппа меңгерушісі, музыка бөлімінің меңгерушісі, әдебиет бөлімінің меңгерушісі, көркемдік қоюшы бөлімінің меңгерушісі, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі.
      3. Мамандар (бас, аға): аккомпаниатр; әртiс; кiтапханашы; редактор; режиссер; режиссердің көмекшісі; дыбыс режиссерi; дыбыс операторы; мәдени ұйымдастырушы; әдiстемешi; бас суретшi; қоюшы суретші; хореограф; мұражай қорын сақтаушы, ғылыми қызметкер, экскурсовод, мұражай бақылаушысы.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 218 қаулысына 5-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа); филиал директоры (меңгерушiсi).
      2. Мамандар (бас, аға): оқу тәрбие оқу өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы әдіскері; оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы; педагог-психолог; дәрігер; медициналық бике.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 218 қаулысына 6-қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттiк мекеменің басшысы және басшысының орынбасары, (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
      2. Мамандар: ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық эпизоотолог, ветеринарлық паразитолог, ветеринарлық терапевт, ветеринарлық техник, ветеринарлық санитар, ветеринарлық фельдшер, малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады