Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/82-4c "Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 13 қазандағы N 14/150-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық Әділет басқармасында 2008 жылғы 6 қарашада N 14-1-83 тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18/186-4с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 № 18/186-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 491 бабының 2)тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың "Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/82-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 14-1-74 тіркелген, 2008 жылдың 23 мамырдағы "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы                        

                     Шымкент қалалық мәслихатының
2008 жылғы 13 қазандағы
N 14/150-4с шешіміне қосымша

      Шымкент қалалық мәслихатының
2008 жылғы 14 сәуірдегі
N 9/82-4с шешіміне қосымша

Шымкент қаласының аумағында орналастырылатын және
жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкалары
 



     Жарнама объектісінің алаңы

 Орналасқан орны және
төлем ставкасы
(айлық есептік көрсеткіштерде)

қалаға кіре берісте

I, II санаттағы көшелер

III санаттағы көшелер

IV санаттағы көшелер

1.

3 ш.метрге дейін

5

4

3

2

2.

3 ш.метрден – 12 ш.метрге дейін

14

13

11

9

3.

12 ш.метрден – 25 ш.метрге дейін

28

26

23

18

4.

25 ш.метрден – 55 ш.метрге дейін

40

30

25

20

5.

55 ш.метрден – 100 ш. метрге дейін

60

55

45

35

6.

100 ш.метрден және одан жоғары

100

80

60

40

      Ескерту: көшелердің санаттары Шымкент қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 848 қаулысымен белгіледі. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады