Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9/82-4с шешімі. Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 мамырда N 14-1-74 тіркелді. Күші жойылды - ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 18/186-4с Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының 2009.02.20 N 18/186-4с Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі)  491 бабының 2)тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  6 бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында орналастыратын және жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкалары белгіленсін.

      2. Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 21 қаңтарындағы N 17/162-2с "Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 497, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2002 жылдың 22 ақпанында жарияланған) шешімі күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

      Шымкент қалалық мәслихатының
2008 жылғы 14 сәуірдегі
N 9/82-4с шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қалалық мәслихатының 2008.10.13 N 14/150-4c (Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

  Шымкент қаласының аумағында орналастырылатын және
жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақы ставкалары

 

     

     Жарнама объектісінің алаңы

Орналасқан орны және
төлем ставкасы
(айлық есептік көрсеткіштерде)

қалаға кіре берісте

I, II санаттағы көшелер

III санаттағы көшелер

IV санаттағы көшелер

1.

3 ш.метрге дейін

5

4

3

2

2.

3 ш.метрден – 12 ш.метрге дейін

14

13

11

9

3.

12 ш.метрден – 25 ш.метрге дейін

28

26

23

18

4.

25 ш.метрден – 55 ш.метрге дейін

40

30

25

20

5.

55 ш.метрден – 100 ш. метрге дейін

60

55

45

35

6.

100 ш.метрден және одан жоғары

100

80

60

40

      Ескерту: көшелердің санаттары Шымкент қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 848 қаулысымен белгіледі.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады