Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 4788 қаулысы, Өскемен қалалық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы N 5/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 14 наурызда N 5-1-80 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес және Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШЕДІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Подгорное ауылының атаусыз көшелеріне келесі атау берілсін:
      N 1 - Бастау;
      N 2 - Подгорная;
      N 3 - Цветущая долина атаулары берілсін.
      2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 31 мамырға дейін көшелерге атау беру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Сессия төрағасы           Өскемен қаласының әкімі

      Қалалық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады