Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына , 31-бабының 2-тармағына сәйкес және Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 23 қазандағы қорытындысы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ахмер ауылының атаусыз көшелеріне келесі:
№ 1 – Мерей;
№ 2 – Еңбекші;
№ 3 – Қайынды;
№ 4 – Ұстаздар атаулары берілсін.
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылғы 28 ақпанға дейін көшелерге атау беру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орындалуын бақылау әкімінің орынбасары міндетін атқарушы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
4. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Баранов
Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов
Өскемен қалалық
мәслихатының хатшысы Е. Нәбиев