Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 13/103-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 5-2-102 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/169-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 24.05.2018 № 26/169-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айына салық салу бірлігіне Семей қаласында және қалаға әкімшілік-бағынышты елді мекендерде тіркелген салық ставкалары бекітілсін (қосымшаға сәйкес).

      2. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 33-4 "Тіркелген салық ставкалары туралы" (2007 жылғы 11 қаңтардағы № 5-2-55 нормативтік құқықтық актілер Реестрінде тіркелген, 2007 жылғы 25 қаңтардағы "Семей таңы" және "Семипалатинские вести" газеттерінің № 4 сандарында, 2007 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат


сессиясының төрағасы



  2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13/103-IV шешімге
қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2011.10.05 N 41/279-IV шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш бойынша)

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

Ойын жолы

13

Карт

2

Бильярд үстелі

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады